Шебер қолдар
Балаларға шырша туралы мағлұмат беру, шыршаның жасалу жолдырын үйрету, танымдық қабілетін, ой - өрісін, өзіндік іс - әрекетін, шығармашылық қабілетін дамыту мақсатында «Шебер қолдар» үйірмесі «Шырша дайындау» тақырыбында лентадан шырша жасауды үйренді.
http://jobjk.kz/kz/o-biblioteke-2/bizdi-jirmeler/sheber-oldar.html?limitstart=0#sigProGalleriaaba804420e
Балаларға салфеткадан гүл жасауды үйрету арқылы қол икемділігін дамыту, шығармашылық қабілеттерін арттыру және эстетикалық талғамын жетілдіру мақсатында «Шебер қолдар» үйірмесінің сабағы «Гүл жасау» тақырыбында өтті.
Балалар бұл сабақ арқылы салфеткамен жұмыс істеудің қарапайым, тиімді жолын үйренді. Сонымен қатар, шығармашылық дағдыларын дамытып, өз қолдарымен әдемі бұйым жасауды игерді.
http://jobjk.kz/kz/o-biblioteke-2/bizdi-jirmeler/sheber-oldar.html?limitstart=0#sigProGalleria3c25df0551
Пластикалық бөтелкеден түрлі бұйымдар жасауды үйренуге деген оқырмандардың қызығушылығын арттыру, осы өнер түрімен қызықтыру, еңбексүйгіштікке, іскерлікке тәрбиелеу мақсатында бөтелкеден әдемі бұйымдар жасауды үйренеді.
http://jobjk.kz/kz/o-biblioteke-2/bizdi-jirmeler/sheber-oldar.html?limitstart=0#sigProGalleriabd73ad4fef
Балаларға моншақпен жұмыс жасауды үйрету.
Оқырмандардың бисермен жұмыс жасау кезіндегі білімін жүйелендіру, шеберлік деңгейін арттыру арқылы әсемдік пен сұлулықты бағалай білуге үйрету; өз бетінше жұмыс істеуге, ынта–ықыласын, шығармашылық қиялын дамыту мақсатында бисермен жұмыс «Фотопортрет жасау» тақырыбында балалар моншақпен жұмыс жасауды үйренді.
http://jobjk.kz/kz/o-biblioteke-2/bizdi-jirmeler/sheber-oldar.html?limitstart=0#sigProGalleriab46fa35f0a
12 мамыр – «Аналар күні» мерекесіне орай, балаларды аналарына деген сүйіспеншілікке баулу, ана еңбегін ардақтап, құрметтей білуге, өзіне жақын адамға мейірімділік, қуаныш сыйлай білуге тәрбиелеу мақсатында «Анама гүл шоғын жинаймын» тақырыбында шебер қолдар үйірмесінің қатысушылары аналарына арнап түрлі түсті қағаздардан гүл шоқтарын жасады.
http://jobjk.kz/kz/o-biblioteke-2/bizdi-jirmeler/sheber-oldar.html?limitstart=0#sigProGalleria42f05411b9