«Экоград» клубының алғашқы отырыстары
-->Балалардың экологиялық заңдар туралы көз қарасын кеңейту үшін, 2013 жылдың 21 каңтарында №13 орта мектептін 6 сынып оқушыларымен «Кішкентай ғаламшардың үлкен мәселелері» атты экологиялық сабақ өткізілді.
Қала тұрғындарымен экологияның көбірек қай заңдары бұзылатынын анықтау үшiн, балалар бiрнеше мәселенiң жағдайларын қарап шықты және бiздiң қала көшелеріне арналған виртуалды рейд жүргізді. Сонымен қатар, балаларға табиғаттың ең маңызды табиғи қорларын (су, от ж.б.) үнемдеу туралы айтылды. Үнемділік сараңдыққа жатпайды, ол керісінше ақылмен шаруашылық iстеріне және табиғат үшiн, өзі үшін пайдаға асыру болып табылады.
28 қаңтарда «Экоград» клубының кезекті отырысы зияткерлік ойын түрде өткізілді. Іс-шараның мақсаттары: табиғатқа ұқыпты қарауға тәрбиелеу және экологиялық дүние тануды қалыптастыру болып табылды. «Экологиялық әліппе» ойынның қатысушылары (№13 мектептің 6 сынып оқушылары) экологиялық әліппемен танысып, байқауларға қатысты:
- «Бiздiң үйдің экологиясы»;
- «Орманның экологиясы»;
- «Эколог-құстар»;
- «Эколог-өсімдіктер»;
- «Қызыл кітап»;
- «Қара кітап».