Жамбыл облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасында 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күніне орай «Ана – өмірдің гүлі» атты мерекелік кездесу кеші ұйыдастырылып, өткізілді.
Іс-шараның мақсаты: анаға деген мейірімді, сүйіспеншілікті арттыру, үлкенге ізет, кішіге үлгі бола білуге үйрету. Оқушыларды мейірімділікке, ата-анаға деген сый-құрметке тәрбиелеу, ұлтқа тән жақсы қасиеттерді қалыптастыру.
Кездесу кешіне жерлес ақынымыз, сазгер, әнші Битенова Үміт Қыранқызы және Қазақстанның үш дүркін барысы Бейбіт Ыстыбаевтың анасы Жұматаева Ләззат Аяшқызы, сонымен қатар №37, №38 мектеп оқушыларымен мұғалімдері қатысты.
Іс-шара барысында кеш қонақтарына оқырмандар арнау өлеңдер жолдады. Келген қонақтардың өмір жолдары оқырмандарға таныстырылып, оларға сұрақтар қойылды.
Ақын Үміт Битенова өнер жолындағы қызықты сәттерімен бөліссе, атақты қазақ күресінің алыбы Бейбіт Ыстыбаевтың анасы отбасы мен баласы жайында әңгіме өрбітті. Кітапхананың кітап қорында сақталған Үміт Битенованың кітаптарынан тұрақты оқырмандар өлеңдер оқып, халыққа кең танымал әндерін шырқады. Сондай-ақ «Ана – өмірдің гүлі» тақырыбындағы кітап көрмесіне библиографиялық шолу жасалып, арнайы дайындалған слайд көрсетілді.
http://jobjk.kz/kz/neg/homepage-4/79-zha-aly-tar/964-ana-mirdi-g-li-8-nauryz-khaly-araly-jelder-k-nine-arnal-an-merekelik-kezdesu-keshi.html#sigProGalleriac8109debd7