Қазіргі қоғамның өзекті мәселелерінің бірі – діни экстремизм мен терроризм тақырыбы. Осыған орай, Жамбыл облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасы «Діни экстремизм мен терроризм» атты ақпараттық сағат өткізді.
Аталған іс-шараға №43 орта мектебінің ұстаздары мен жоғары сынып оқушылары қатысты.
Іс-шара барысында дәстүрлі емес діни ағымдардың сипаттары, экстремизм, терроризм ұғымдары туралы айтылды. Жат діни ағымдар адам санасын улайтыны және осы арбаудан арылу жолдары туралы тереңінен түсіндіріліп, бейнекөрініс көрсетілді.
Іс-шара барысында қатысушылар діни экстремизм мен терроризм жөнінде қойылған сұрақтарға жауап беріп, тапсырмалар орындады.
«Дін – тәрбие діңгегі» атты кітап көрмесі жасақталып, оған библиографиялық шолу жасалды.
http://jobjk.kz/kz/neg/homepage-4/79-zha-aly-tar/951-dini-ekstremizm-men-terrorizm-a-paratty-sa-at.html#sigProGalleria780c393559