Жамбыл облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасы №13 орта мектептің оқушыларымен 2017 жылғы қысқы Универсиадаға арналған «Салауатты өмір біздің болашағымыз» тақырыбында әңгіме-презентация өткізді. Іс-шараның мақсаты: ең алдымен Универсияданың қашан қалай өтетіні туралы мәліметтерге тоқталу, балаларды салауатты өмір салтын қалыптастыруға тәрбиелеу, жеке бас гигиенасын сақтауға, дұрыс тамақтануға, дене шынықтыру мен спортпен шұғылдануға баулу.
Жас бүлдіршіндерді мектеп партасынан жаман әдеттерден аулақ болып, тек қана жақсы әдеттерді бойына сіңіруге үйрету.
Іс-шара барысында кітапханашы қысқы Универсиаданың тарихымен таныстырып, мұнда тек қысқы ойын түрлері болатындығын айтты. Оқырмандар арасында тақырып бойынша викториналық сұрақ-жауап ойыны ойнатылды. Балалар белсенді қатысып, өз ойларын ортаға салды. Сондай-ақ кітапханашы «Спорт – денсаулық кепілі» атты кітап көрмесіне шолу жасады. Іс-шара соңында балалар өздерінің білген деректерін ортаға салып бір-бірімен пікір алмасты.
http://jobjk.kz/kz/neg/homepage-4/79-zha-aly-tar/932-salauatty-mir-bizdi-bolasha-ymyz-gime-prezentatsiya.html#sigProGalleria91fb53595b