Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай Жамбыл облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасы «Тәуелсіздік тарихы – ел тарихы» атты апталығын өткізді. Апталықтың ашылуы 11 қазан күні желтоқсан оқиғасының құрбаны – Қайрат Рысқұлбековтің ескерткішінің жанында «Асқақтай бер, айбынды Қазақстан!» атты мерекелік іс-шарасымен басталды.
Аталған шараға №43, №38, №7 орта мектептің оқушылары мен мұғалімдері қатысты.
Аталмыш іс-шара БАҚ беттерінде Байқоныс И. Айбынды елдің ұрпағымыз [Мәтін] / И. Байқоныс. //Жамбыл-Тараз.-2016.-12 қазан (№41).-2 б. Досалы Е. Асқақтай бер, Айбынды елім! [Мәтін]/ Е. Досалы. //Ақ жол.-2016.-15 қазан (№120).-7б. атты тақырыптармен және де Қазақстан-Тараз телеарнасында көрсетілді.
Апталық 12 қазан күні Ыбырайым Сүлейменов көшесіндегі Махаббат аллеясындағы «Саналы ұрпақ – салиқалы саясат» атты арт сағатымен жалғасты.
13 қазан күні Абай ескерткішінің алдында «Елімнің бақытын тербеткен тәуелсіздік» атты open – air / ашық аспан астында/ іс-шараларына ұласты.
Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай «Тәуелсіздік тарихы – ел тарихы» атты апталығының қортындысы қазан айының 20 жұлдызында кітапхана жанындағы Д.Қонаев ескерткішінің алдында өткізілді. Іс-шараға №12 Керімбай атындағы мектеп гимназиясының оқушыларымен №37 Ы.Сүлейменов атындағы орта мектептің оқырмандары қатысты. Аталмыш іс-шара барысында балалар өз өнерлерін көрсетіп яғни ән айтып, би биледі. Іс-шарада Қазақ халқының Тәуелсіздікке жету жолында көрген қиындықтары, Тәуелсіздік үшін құрбан болған асыл ерлеріміз туралы айтылып, оқырмандарға көптеген мәліметтер берілді. Тақырып шеңберінде оқырмандарымыз шығарған қара өлеңдерін көпшілік алдында оқып берді. Іс-шара соңы белсенді оқушыларға марапат қағазын табыстаумен аяқталды.
http://jobjk.kz/kz/neg/homepage-4/79-zha-aly-tar/855-t-uelsizdik-tarikhy-el-tarikhy-aptaly-y.html#sigProGalleria923a1da324