Жамбыл облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасының ұйымдастыруымен Желтоқсан оқиғасының құрбаны – Қайрат Рысқұлбековтің ескерткішінің жанында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай «Асқақтай бер, айбынды Қазақстан!» атты мерекелік іс-шара өткізілді.
Аталған шараға №43 орта мектептің оқушылары мен мұғалімдері қатысты.
Іс-шарада Тәуелсіздік, желтоқсан оқиғасы, қазақ халқының Тәуелсіздікке жету жолында көрген қиындықтары, Тәуелсіздік үшін құрбан болған асыл ерлеріміз туралы айтылып, оқырмандарға көптеген мәлімет берілді.
Іс-шара барысында №38 мектептің оқушылары Есіркепов Ислам мен Есіркепова Луиза және №43 мектептің оқушысы Шакиш Нұрлыбек жырдан шашу төксе, Ерғазы Жеңіс, №7 мектептің оқушысы Умирбаева Аруна мен №43 мектептің жігіттерінен құралған топ ән шырқады.Оқырмандар арасында желтоқсан, тәуелсіздік тақырыптары бойынша ойын ойнатылды.
Іс-шараға байланысты «Тәуелсіздік – тұғырым» атты кітап көрмесі жасалып, көрмеге библиографиялық шолу жасалды. Мерекелік кеш Мамытбаева Диананың орындауындағы әсем әнмен аяқталды.
- Кликните, чтобы открыть изображение! Кликните, чтобы открыть изображение!

http://jobjk.kz/kz/neg/homepage-4/79-zha-aly-tar/846-as-a-taj-ber-ajbyndy-aza-stan-merekelik-kesh.html#sigProGalleriacb17543790