Мақсаты: Балаларға мерекелік кеш ұйымдастырып, көңіл-күйлерін көтеру. Қиындықтарға мойымай өнер жолын бірге алып жүрген жандармен жақынырақ танысу. Сонымен қатар балалардың кітапқа деген құштарлығын оятып, балаларды кітап оқуға дағдыландыру. Ерекше балалардың өмірін қуаныш пен мерекеге бөлеу. Сөздерді анық айтуын қадағалау, сөздік қорын молайту.
Қазақстан Республикасы Ассамблеясымен «Қазақстан» телеарнасының ұйымдастыруымен «Шын жүректен» Республикалық қайырымдылық акциясы және «Біз біргеміз бәріміз» атты кітапханалық бағдарлама аясында 9 қазан – Мүгедектер күніне орай «Өнер әлеміне – саяхат» атты фестивалі ұйымдастырылды. Мүмкіндігі шектеулі балалардың қатысуымен өткізілген фестивальда «Ерекше балалар өмірі» кездесу кеші, «Көкейімдегі бар әлем» шығармашылық байқауы іс-шаралары біріктірілді. Фестиваль барысында балалар өз өнерлерін көрсетті. Балалар бізге әсем ән, ырғақты би, өлең жолдарымен қоса күмбірлеген домбыра үнімен күй шертті. Бейнелеу өнеріне жақын балалар өз ойларын ақ қағаз бетіне түсіріп, «Көкейімдегі бар әлем» тақырыбында сурет салынды. Оқырмандар өздерін жан жақты, өнерлі екендерін көрсете білді. Фестивальға келген мүмкіндігі шектеулі балалар кітапханамызға саяхат жасап, жаңа әдебиеттермен танысты. Балалардың ата-аналары кітапхана ұжымына алғыстарын білдірді.
http://jobjk.kz/kz/neg/homepage-4/79-zha-aly-tar/843-9-azan-m-gedekter-k-ni-ner-lemine-sayakhat-festival.html#sigProGalleria60bd8df4d7