Жамбыл облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасының ақпараттық-библиография секторының ұйымдастыруымен 1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалыстың 100 жылдығына байланысты «Ұлт-азаттық қозғалыс және оның тарихи маңызы» атты ақпарат сағаты өткізілді.
Іс-шараға Ы. Алтынсарин атындағы №49 мектеп-гимназиясының 8 сынып оқушылары мен мұғалімдері және кітапхана қызметкерлері қатысты.
Ақпарат сағатының барысында оқырмандар 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілістің тарихи маңыздылығы, ұлттық және саяси азат ету жолындағы көтерілістің басты міндеттері, саяси бағыты, еркіндік пен тәуелсіздік жолындағы шешімі жөнінде ақпараттар алды.
Оқырмандар кітапханашылар тарапынан қойылған сұрақтарға өздерінің ұтымды жауаптарын берді. Іс-шара соңында оқырмандарға «Ұлт-азаттық көтеріліске – 100 жыл» атты кітап көрмесі таныстырылып, көрмеге библиографиялық шолу жасалды.