2016 жылдың 18 наурызы күні Жамбыл облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасы 22-наурыз Ұлыстың Ұлы күні Наурыз мерекесіне орай «Наурыз қазақ жерінде» атты мерекелік кеш ұымдастырып өткізді.
Мерекеде ата - бабамыздан келе жатқан салт-дәстүріміз бойынша ауыл-ел болып тойланып, наурыз көже пісіріліп, ақ дастархан жайылды. Мерекелік кешке қонақ болып Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының орынбасары М.Жинақбаева, мәдениет және өнер бөлімінің бас маманы Ж.Құттыбаева және басқа да қызметкерлер келіп қатысты. Мерекелік кеште кітапхана қызметкерлері Қонаев, Ойық, Саржайлау атты ауыл - елге бөлініп, өз өнерлерін көрсетіп сайысқа түсті. Сайыстың талаптарына сай қол өнер, ұлттық тағамдар, қызықты көріністер көрсетілді. Әр ауыл көпшілікпен бағаланып, тиесілі сыйлықтарын алды. Ұлыстың Ұлы күні Наурыз мерекесіне орай ұйымдастырылған мерекелік кеш өз мәресінде өткізілді.