«Қазақстандағы 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілісі»
Жас ұрпақтың бойына ұлтжандылық, отаншылдық тәрбие бере отырып, халқымыздың басынан өткен қатпарлы тарихын ден қойып оқуға тәрбиелеу. Оқушылардың өз халқының тарихын меңгеруіне ықпал ету.
Бабалардың ерлік рухын сезіндіру арқылы, азаматтық тәрбие беру, шешендік сөз, сана ұлттық намысын қалыптастыру, ерлікке, батырлыққа, отанын сүйюге тәрбиелеу мақсатында 19 қаңтар күні Жамбыл облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасының бүлдіршіндер секторының кітапханашысы № 13 мектептің кітапханасында 4 сынып оқушыларының қатысуымен 1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліске 100 жыл толуына орай «Қазақстандағы 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілісі» тақырыбында «сторисек» өткізді. Кітапханашы оқушыларға 1916 жылғы қазақ халқының басына түскен нәубет жайлы сөз қозғады. Ұлт зиялыларының ұстанған бағытын түсіндіріп, алаш зиялыларының ұстанған бағыты халықтың аман қалуы, оның этникалық тұтастығын сақтау идеясы болғанын түсіндіріп айтылды. Оқушылардың азаттық күреске басшылық еткен тарихи қайраткерлерге байланысты өз пікірлерін, көзқарастарын айта білді. Іс-шара кітап көрмесіне шолумен аяқталды.Тиімділігі: 28 оқырман қатысып, кітап көрмесінен 11 дана кітап ұсынылды, 8 дана кітап қолға беріліп, кітапханаға 4 оқырман жазылды.