1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілістің отаршылдыққа, империализмге қарсы сипатын және ұлт-азаттық соғысқа ұласқанын түсіндіру мақсатында 2016 жылдың қаңтар айында Бүлдіршіндер секторында 1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліске 100 жыл толуына орай «Қарқара көтерілісі» тақырыбында кітап көрмесі ұйымдастырылды.
Көрмеге оқырмандардың назарына Қазақстандағы 1916 ж. ұлт-азаттық қозғалыс картасын, көтеріліс басшыларының Иманов Амангелді Үдербайұлы, Тоқаш Бокин, Әліби Жангелдин, Кейкі Көкембайұлы фотосуреттері көрсетіліп, олардың қазақ халқының ұлттық мүддесін жақтаған істері жайында қысқаша хабарламалар берілді. Сонымен қатар көрмеге «Қаһарлы 1916 жыл»; «Қазақ ұлт-азаттық қозғалысы»; «Әулиеата уезіндегі ұл-азаттық көтерілістер»; «Жауды шаптым ту байлап» т.б. кітаптар қойылды.
Тиімділігі: 32 оқырман қатысып, кітап көрмесінен 18 дана кітап ұсынылды, 11дана кітап қолға берілді.