Жамбыл облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасы
«ЭКСПО 2017ж. - Тараз»
Жас зерттеушілер жұмыстары мен шығармашылық жобаларының
«Мен өлкемді зерттеймін!» ІV-ші жеткіншектер байқауы
Жамбыл облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасы тарихы таусылмайтын тағлымға бай, тамыры тым тереңде жатқан көне өлкеміз туралы «Мен өлкемді зеттеймін» жас зерттеушілер шығармашылық жобасы 2012 жылы «Туған өлкем - тұнған шежіре» тақырыбына өткізілсе, 2013 жылы байқау «Бір шаңырақ астында», 2014 жылы «Туған өлке мақтаныштары» тақырыпта өткізілсе, 2015 жылы «Экспо 2017ж. - Тараз» атты тақырыбына арналды.
Қазақстанда тату-тәтті өмір сүретін халықтардың әдет-ғұрпын, дәстүр-тарихын, тілін қастерлеп, бүгініміз бен келешегіміз үшін бірлігімізді нығайту басты борышымыз екенін ұғындыру, мәдениетіне деген құрметті шыңдау, еліміздегі халықтар достығын нығайту. Яғни өлкемізде тұрып жатқан ұлт өкілдері туралы мәліметтер жинақтау.
Жас зерттеушілер жұмыстары мен шығармашылық жобаларының «Мен өлкемді зерттеймін» ІV жеткіншектер байқауының зерттеу жұмыстары 2015 жылдың 1 маусымынан бастап 1 желтоқсанға дейін (7 ай көлемінде) облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасында қабылданды. Байқауға 13 пен 17 жас (5-8сын., 9-11 сын.) аралығындағы жас зерттеушілер қатысты.
Жұмысты қорғау уақыты – 3-5 минут. Зерттеу жұмысын қорғау кезінде тақырып таңдаудағы өзіндік дәрежесі және зерттеудің жүргізілуі бағаланды, шығармашылық ізденіс, зерттеудің жүргізілуіне ел аузынан жинастырылған деректер қорын пайдалануы, мәселенің терең талқылануы, сұрақтарға берілген жауаптар қаралды.
Жеңімпаздарды әділ қазылар алқасы анықтады. Қазылар алқасының мүшелері: Құттыбаева Жадыра Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, мұрағаттар және құжатттама басқармасының бас маманы, Ілияс Сейтжан Тарихи ескерткіштерді қорғау және қалпына келтіру дирекциясының бас инспекторы, Кисиков Мадияр Тарих және археология маманы, Санатбаева Асыл Археология және монументтерді қорғау бөлімінің инспекторы, Сейтқазиева Мөлдір Археология және монументтерді қорғау бөлімінің маманы.
Жас зерттеушілердің шығармашылық жобаларын қорғауы:
- Ø №11 орта мектебінің 9 сынып оқушысы Темірханова Сара, жетекшісі Қасымов Нұркен. Тақырыбы: «Жуалы ауданында күн және жел энергиясын пайдаланудың тиімді жолдары»
- №18 орта мектебінің 7 сынып оқушысы Ни Маргарита жетекшісі Рыжкова Вера Тақырыбы: «Развитие экологической культуры и защита окружающей среды родного города»
- Ø №20 орта мектебінің 9 сынып оқушысы Сарыбай Диана жетекшісі Тазабекова Гулнар Тақырыбы: «Жамбыл облысындағы туризм саласының дамуы және болашағы»
- Ø №12 мектеп-гимназиясының 10 сынып оқушысы Әнуарбек Жансая жетекшісі Шартықбаева Гауһар Тақырыбы: «Тараз – тарихи-мәдени ескерткіштер ордасы»
- Ø №48 мектебінің 10 сынып оқушысы Қалыбек Аяулым жетекшісі Ускинбаева Гулнара Тақырыбы: «Тараз қаласындағы туризмнің дамуы»
- Ø №48 мектебінің 11 сынып оқушысы Бекмұратов Нұрбек жетекшісі Ускинбаева Гулнара Тақырыбы: «Тараз қаласының ластанған ауасын желдің көмегімен тазарту»
- Ø №48 мектебінің 11 сынып оқушысы Дәулет Жанель жетекшісі Ускинбаева Гулнара Тақырыбы: «Көне Тараз» тарихи-мәдени орталық
- Ø №48 мектебінің 11 сынып оқушысы Туртаев Жасұлан жетекшісі Ускинбаева Гулнара Тақырыбы: «Киіз үй – ғажайып өнер туындысы»
- Ø №12 мектеп-гимназиясының 7 сынып оқушысы Пірімтаева Аягөз жетекшісі Ахметова Гауһар Тақырыбы: «Ұлы Жеңіс қаһарманы – Бауыржан Момышұлы»
- Ø №12 мектеп-гимназиясының 11 сынып оқушысы Көбдік Диана жетекшісі Жампозова Динара Тақырыбы: «Еңсегей бойлы ер есім»
- Ø №12 мектеп-гимназиясының 11 сынып оқушысы Байбалаева Аружан жетекшісі Манасова К. Тақырыбы: «Абылай хан және Елбасы»
- Ø №26 орта мектебінің 10 сынып оқушысы Асқарбекұлы Аят жетекшісі Райымбекова Ж. Тақырыбы: «ЭКСПО-2017 Тараз қаласында»
Әділ қазылар алқасы қатысқан барлық жас зерттеушілерді тыңдап, өздерінің оң бағасын берді. Бас жүлдені №11 орта мектебінің 9 сынып оқушысы Темірханова Сара жеңіп алып, дипломмен марапатталды. Жетекшісі Қасымов Нұркен кітапханаға қосқан үлесі үшін алғыс хатпен марапатталды. Оларға сыйға қысқа толқынды пеш берілді.
І орын иегері: №48 мектебінің 11 сынып оқушысы Бекмұратов Нұрбек дипломмен марапатталып, жетекшісі Ускинбаева Гулнара кітапханаға қосқан үлесі үшін алғыс хатпен марапатталды сыйға шаңсорғыш ұсынылды.
ІІ орын иегері: №20 орта мектебінің 9 сынып оқушысы Сарыбай Диана дипломмен марапатталып, жетекшісі Тазабекова Гулнар кітапханаға қосқан үлесі үшін алғыс хатпен марапатталды сыйға Redmond (бу қазандығы) берілді.
ІІІ орын иегері: №26 орта мектебінің 10 сынып оқушысы Асқарбекұлы Аят дипломмен марапатталып, жетекшісі Райымбекова Ж. кітапханаға қосқан үлесі үшін алғыс хатпен марапатталды. Соквыжималка (Шырын дайындаушы) сыйға ұсынылды.
«Ең жас зерттеуші» номинациясы №18 орта мектебінің 7 сынып оқушысы Ни Маргарита жетекшісі Рыжкова Вера кітапханаға қосқан үлесі үшін алғыс хатпен марапатталды. Электр толқынды шәйнек берілді.
Байқауға қатысқаны үшін 7 қатысушыларға мақтау қағаздарымен марапатталды.