2015 жылғы «Бір ел – бір кітап» акциясы аясында бүкіл ел болып оқылатын кітап ретінде Ұлы Отан соғысына қатысқан майдангер, қазақ совет қаламгерлерінің ішінде алғашқылардың бірі болып тарихи романдар жазып, әлемге танымал болған жазушы, драматург Ілияс Есенберлиннің «Көшпенділер» трилогиясы жарияланған болатын.
Бұл таңдау классик жазушы, ғажайып сөз зергері Ілияс Есенберлиннің 100 жылдық мерейтойына және биылғы аталып өтілетін Қазақ хандығының 550 жылдығына арналып отыр.04.12.2015 ж. ұлы тұлғаға арнап Жамбыл облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасында оқу залы мен мерзімді басылымдар секторының ұйымдастыруымен «Аты әлемге мәшһүр жазушы» атты конференция өтті. Конференцияға №49 мектеп-гимназиясы мен №33 орта мектептің ұстаздары мен оқушылары қатысты. Қатысушылар қазақ тарихын көркем әдебиет арқылы жеткізе білген атақты жазушының шығармашылығы жайында баяндамаларын оқып, «Көшпенділер» романының тарихи маңызы мен қазақ әдебиетінде алатын орны туралы таратып айтты. Аталмыш шараға өңірімізге танымал тарих зерттеушісі Шекеев Қалмахан қатысып, оқырмандарғатарихи оқиғаларды осылай жазба әдебиеттің қажетіне жарату І.Есенберлин сияқты ұлы қаламгердің ғана қаламына тән екенін айтып қана қоймай біздің өлкеміздің де тарихының ел тарихында алар орын ерекше екенін ашып айтты. Іс-шараны қортындылап кітапханашылар «Жұлдыздар жарқырайды» атты кітап көрмесіне шолу жасап, электронды презентация мен Ілияс Есенберлинге арнаған бейнероликті оқырмандар назарына ұсынды. «Көшпенділер» - қазақ тарихының жыршысы әрі рухани айнасы екенін бүгінгі іс-шара айқындады.