Бауыржан Момышұлы – аты аңызға айналған қаһарман, Кеңес Одағының Батыры, көрнекті қолбасшы. Ол батальон, полк командирі, соғыстың соңғы жылдарында 9-шы гвардиялық дивизияны басқарды. Балаларға халқымыздың аты аңыз болған даңқты қаhарманы, гвардия полковнигі Бауыржан Момышұлы туралы мағлұмат беру, батырдың азаматтық, ерлік істерін айту, қанатты сөздерімен таныстыру; бала бойына патриоттық сезім қалыптастырып,
Отанды сүюге тәрбиелеу; батырдың биік тарихи тұлғасын тереңірек тану; оның өнегелі өмірін, ерлігін бүгінгі ұрпаққа кеңінен үлгі ету мақсатында Кеңес Одағының Батыры, жазушы, Ұлы Отан соғысының даңқты жауынгері, әскери қолбасшы Бауыржан Момышұлының туғанына 105 жыл толуына орай 20 қараша күні бүлдіршіндер секторының ұйымдастыруымен № 18 орта мектебінің қабырғасында «Жүректе мәңгі өшпейді жауынгер аты» тақырыбында патриоттық сағаты өткізілді.
Кеш барысында кітапханашы аты аңызға айналған қаһарман жауынгердің өмірі туралы, ұлттық рухта жазылған мұралары, үлгі аларлық батырлық, ерлік істеріне тоқталып, бүгінгі жас ұрпаққа Ұлы Отан соғысындағы майдангерлердің соғыста көрсеткен өшпес ерен ерліктері мен соғыс кезіндегі тыл еңбеккерлерінің ауыр еңбектері жайлы айтып берді. Оқушылар Бауыржан Момышұлының таспаға жазылған өз дауысын естіп, слайд арқылы сан түрлі суреттері мен «Ел басына күн туса…» фильмінен үзінді көрді. Іс-шара кітапханашының кітап көрмесіне библиографиялық шолу жасауымен аяқталды.