Ұлы Отан соғысы жылдары елі үшін жанын қиған ерлер өмірін дәріптеп, батырларға құрметтепен қарауға тәрбиелеп, патриоттық сезімге баулу, Мәлік Ғабдуллин туралы түсінік беру, оқушыларды еңбекқорлыққа, елін, туған жерін сүюге, патриоттыққа тәрбиелеу мен шығармаларын насихаттау мақсатында оқу залы секторы 23.11.2015 жылы №13 орта мектеп 7 сынып оқушыларымен Мәлік Ғабдулиннің туғанына – 100 жыл толуына орай «Ерлік иесіне құрмет» атты тақырыбында тарихи-портрет өткізді.
Қазақ халқының біртуар батыр ұлдарының бірі болған ұлағатты ұстаз, қоғам қайраткері және жазушы Мәлік Ғабдуллиннің тарихтағы, әдебиеттегі орны тым ерекше. Кітапханшы батырдың бейнесін жан-жағынан ашып көрсетіп, оқырмандар батырға арнап жазылған жыр шумақтарын оқыды. Сондай-ақ Жанатай Бекеновтың «Алғашқы айқас» деректі хикаясынан үзінді тыңдап соғыстың қатал бір көрінісін сезінгендей болды. Оқырмандар «Елі сүйген ер - Мәлік» атты кітап көрмесімен танысты.