Д.А.Қонаев атындағы Жамбыл облыстық

балалар мен жасөспірімдер кітапханасы

Сайтта кім бар

Қазір 46 қонақ және Бірде бір тіркелген қолданушы жоқ сайтта отыр

1286436
Сегодня
Вчера
На этой неделе
На прошлой неделе
В Этом месяце
В прошлом месяце
Всего
152
350
502
1672
15732
1233985
1286436
Ваш IP: 216.73.216.145
Время на сервере: 24-06-2025 10:36:50

Д.А. Қонаев

Қазақстан - Ұлы Дала Елі

Бір ел-бір кітап

    Жамбыл облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасының мерзімді басылымдар секторының кітапханашысы А. Дүйсенованың ұйымдастыруымен оқушыларды зиянды әдеттерден бойын аулақ ұстауға, салауатты өмір салтын сақтауға, темекі шегудің денсаулыққа қауіпті екендігі туралы мағлұмат беріп, ойларын ашық айтуға үйрету, шығармашылық белсенділіктерін дамыту мақсатында «Мейірім» мектеп-интернатының 10-сынып оқушыларының қатысуымен «Темекі тартқаның, өзіңді құртқаның» тақырыбында салауаттылық сағаты өткізілді.

    Кітапханашы 7-сәуір Денсаулық күніне орай «Мейірім» мектеп интернатының 10-сынып оқушыларына темекінің алғаш емдік қасиеті бар деп пайдаланғанын, уақыт өте келе кең тараған зиянды әдет екенін, дүние жүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметі бойынша темекі тарту зардабынан жыл сайын 5 миллион адам қайтыс болатыны туралы айтты. Сондай-ақ темекінің құрамында улы никотиннің көп екендігі, адам бір түйір темекі тартқанда өмірінің 15 минутқа қысқаратындығы, темекінің еш пайдасы жоқ екенін айта келіп, жастарды салауатты өмір салтын қалыптастыруға бос уақыттарын тиімді пайдалану жолында спортпен шұғылдануға, жаманнан жиреніп, жақсыны үйренуге шақырды.

Тілдерді ауыстырғыш

Кітапхана әлеуметтік желіде:

www.screenreader.tilqazyna.kz