Сайтта кім бар

Қазір 209 қонақ және Бірде бір тіркелген қолданушы жоқ сайтта отыр

1521107
Сегодня
Вчера
На этой неделе
На прошлой неделе
В Этом месяце
В прошлом месяце
Всего
158
374
2397
4362
1926
1498573
1521107
Ваш IP: 216.73.216.62
Время на сервере: 06-09-2026 07:36:42

Д.А. Қонаев

Қазақстан - Ұлы Дала Елі

Бір ел-бір кітап

Қоғамдағы зорлық-зомбылықтың түрлері, оның салдары және алдын алу жолдары туралы оқырманға жан-жақты мәлімет беру; құқықтық мәдениетті арттыра отырып, әр адамның қауіпсіз өмір сүру құқығын насихаттау; жас ұрпақтың бойында жауапкершілік, адамгершілік және төзімсіздік ұстанымдарын қалыптастыру мақсатында «Зорлықсыз орта – бақытты бала» кездесу–сұхбат өтті.

Жастар ресурстық орталығының өкілі жастар арасында құқықтық мәдениет қалыптастыру және қауіпсіз орта құру бағытында атқарылып жатқан жұмыстарды баяндады. Жамбыл облысы әкімдігінің ақпарат және қоғамдық даму басқармасының «Жастар ресурстық орталығы» КММ – сі директорының орынбасары Мырзатай Медеу Жаналыұлы, психолог – Алибаева Шолпан Рустеновна қатысушыларға зорлықтың психологиялық әсері, өзін қорғау және көмек сұрау арналары туралы кеңес берді.

Кездесу барысында қатысушылар пікір алмасып, өз сұрақтарын қойып, ашық диалог орнады. Іс-шара соңында қатысушыларға ұсынылған әдебиеттермен танысуға мүмкіндік беріліп, зорлықсыз орта қалыптастыруда әр азаматтың белсенділігі маңызды екені атап өтілді.

joomlamodniyportal.ru

Тілдерді ауыстырғыш

Кітапхана әлеуметтік желіде: