21 ақпан Ана тілі күніне орай ана тілімізді таза сақтап, шешен де шебер сөйлей білуге шақыру, көркем әдебиетті көп оқып, сөздік қорымызды байыту мақсатында 17.02 2014 жылы №13 орта мектебінің 5 сынып оқушылары мен ұстаздарымен бірлесіп, «Ана тілім - қуатым менің» тақырыбында әңгіме өткізілді.
Әрбір халық өз ана тілін- қуатым деп санайтынды,ана тілін мақтан тұтатындығы, атадан балаға мирас болып келе жатқан баға жетпес мұра екендігі айтылады. Ана тілін жырламаған ақын жоқ екендігі де сөз болып, ақын-жазушыларымыздың өлеңдері оқылды. Сондай-ақ «Мақал-жауап» яғни мақалдың бір жолы айтылып,оқушылар жалғасын тапты. Өзге де ұлттардың ұлы ақындары ана тілін биік ұстап арындай қастерлейтіндіктерін,сол ұлт ақындарының тіл туралы айтқан пікірлерінде үлкен мән жатқандығы да айтылды. Мемлекеттік тіліміз,өз ана тіліміз қазақ тілінің денгейін көтеру Қазақстан азаматтарына жүктелетін міндет екенін естен шығармауымыз керектігі жайында «Ана тілі – қуатым менің» атты әңгімеміз кеңінен қамтылды.«Ана тілім-ардағым»кітап көрмесіне шолу жасалды.