Күй атасы –Құрманғазы Сағырбай ұлының туылғанына 195 жыл толуына байланысты Жамбыл облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасында «Жас талант» атты драма және домбыра үйірмесінің ұйымдастыруымен күй кеші өтті.
Мақсакты: Қазақ күй өнерін насихаттау, дәріптеу.
Үйірме мүшелері №8 мектеп Төле би атындағы гимназия және №11 орта мектептің оқушылары белсене қатысты. Күй өнерінің классигі, күйші сазгер - Құрманғазының өмірінен қысқаша қойылым қойылды. Күй атасы Құрманғазы ролін үйірме мүшесі Әлішер Еркебұлан сомдады, шәкірті Дина Нұрпейісованың ролін Полотбекова Айдана ал, соңғы шәкіртінің ролінде Әбдіғазиев Жәнібек ойнап көрермендердің көңілінен шыға білді. Кеште Құрманғазынының «Балбырауын», «Серпер», «Адай» т.б. күйлерін үйірме мүшелері Мадиярбек Меруерт, Әлішер Еркебұлан, Тортаев Еркебұлан құйқылжыта орындап көрермендер көңілінен шыға білді.
Күй кешінде Жамбыл облыстық филармониясының күйшісі Дидар Басығараев қатысып, Құрманғазының «Арба соққан», «Сарыарқа» т.б. күйлерін орындап жас үйірме мүшелеріне өнеге бола білді.
«Жас талант» драма және домбыра үйірмесің мақсаты балаларды қазақ халқының күй өнеріне баулу және балалардың тіл байлығын арттыру.
Кештің соңында үйірме жетекшісі Сабралиева Зәуреш Облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасының директоры Мейрамкүл Елеукенқызына сөз сөйлеп, күй кешінде өнер көрсеткен оқушыларға алғыс айтып, марапаттады.
Кешті дайындаған ОБЖК-ның іс-шара жүргізушісі: Сабралиева З.