Д.А.Қонаев атындағы Жамбыл облыстық

балалар мен жасөспірімдер кітапханасы

Сайтта кім бар

Қазір 43 қонақ және Бірде бір тіркелген қолданушы жоқ сайтта отыр

1158943
Сегодня
Вчера
На этой неделе
На прошлой неделе
В Этом месяце
В прошлом месяце
Всего
96
343
782
2202
12409
1129915
1158943
Ваш IP: 3.148.112.15
Время на сервере: 25-12-2024 06:26:35

Д.А. Қонаев

Қазақстан - Ұлы Дала Елі

Бір ел-бір кітап

«Бір шаңырақ астында»

жас зерттеушілер жұмыстары мен шығармашылық жобаларының

«Мен өлкемді зерттеймін!» ІІ-ші жеткіншектер байқауы.


Жамбыл облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасы тарихы таусылмайтын тағлымға бай, тамыры тым тереңде жатқан көне өлкеміз туралы «Мен өлкемді зеттеймін» жас зерттеушілер шығармашылық жобасы 2012 жылы «Туған өлкем - тұнған шежіре» тақырыбына өткізілсе, 2013 жылы байқау «Бір шаңырақ астында» атты тақырыбына арналды.

Қазақстанда тату-тәтті өмір сүретін халықтардың әдет-ғұрпын, дәстүр-тарихын, тілін қастерлеп, бүгініміз бен келешегіміз үшін бірлігімізді нығайту басты борышымыз екенін ұғындыру, мәдениетіне деген құрметті шыңдау, еліміздегі халықтар достығын нығайту. Яғни өлкемізде тұрып жатқан ұлт өкілдері туралы ( мысалы: бір халықтың Қазақстанға келу тарихынан бастап, орналасқан жері, әдебиеті, мәдениеті, т.б.) мәліметтер жинақтау мақсатында өткізген жас зерттеушілер жұмыстары мен шығармашылық жобаларының «Мен өлкемді зерттеймін» ІІ жеткіншектер байқауының зерттеу жұмыстары 2013 жылдың 1 маусымынан бастап 1 желтоқсанға дейін (7 ай көлемінде облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасында қабылданды. Байқауға 13 пен 17 жас (5-8сын., 9-11 сын.) аралығындағы жас зерттеушілер қатысты.

Байқауға 21 шығармашылық жоба келіп түсті. Зерттеу жұмысын қорғау кезінде тақырып таңдаудағы өзіндік дәрежесі және зерттеудің жүргізілуі бағаланды, шығармашылық ізденіс, зерттеудің жүргізілуіне ел аузынан жинастырылған деректер қорын пайдалануы, мәселенің терең талқылануы, сұрақтарға берілген жауаптар тегіс қаралды.

Жеңімпаздарды әділ қазылар алқасы анықтады.Қазылар алқасының мүшелері: Танабекова Маржан Махатовна-«Тараз жастар орталығы» ұйымдастыру бөлімінің кеңесшісі; Байтелиева Жанар Балтабайқызы- Тарихи-мәдени ескерткіштерді қорғау және қалпына келтіру дирекциясының «Тарих және архиология» бөлімінің маманы; Көпжасарова Гүлжан Сайранбекқызы- Тарихи-мәдени ескерткіштерді қорғау және қалпына келтіру дирекциясының «Манумент және архитектура» бөлімінің бас маманы; Ілияс Сейітжан- Тарихи-мәдени ескерткіштерді қорғау және қалпына келтіру дирекциясының «Тарих және архиология» бөлімінің меңгерушісі; Зуфаров Ибрагим Хуршидович - Жамбыл олыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы «Ахыска» түрік этномәдени орталығының мүшесі; Қалиев Сауран-Тарихи-мәдени ескерткіштерді қорғау және қалпына келтіру дирекциясының магистр архиологы.

Бас жүлдені №11орта мектебінің 9асынып оқушысы Орынбасар Лаура мен №54 орта мектебінің 9-сынып оқушысы Мұхитдин Ақтолмаш жеңіп алып, дипломмен марапатталды. Оларға сыйға планшеттер берілді. І орын иелері: №5 Жамбыл атындағы мектеп-гимназиясының 10-сынып оқушысы Аязбаева Жұлдыз және №38 Жеңістің 30 жылдығы атындағы орта мектебінің 7гсынып оқушысы Сүлейменова Райхан. Дипломмен марапатталып, сыйға электронды кітаптар ұсынылды. ІІ орын иелері: №48 Т. Рысқұлов атындағы орта мектебінің 9-сынып оқушысы Сұлтанбаев Алинұр мен №25 орта мектебінің 8асынып оқушысы Утебеков Жаһангир. Дипломмен марапатталып, сыйға DVD плеерлері берілді. ІІІ орын иелері: .№47 мектебінің 9әсынып оқушысы Маханбетжанова Нұрай мен №48 Т. Рысқұлов атындағы орта мектебінің 10-сынып оқушысы Сәрсенбаев Әлішер. Дипломмен марапатталып, сыйға ұялы телефон ұсынылды. «Ең жас зерттеуші» номинациясы №48 Т. Рысқұлов атындағы орта мектебінің 5-сынып оқушысы Сағынтаев Манасқа берілді. Дипломмен марапатталып, сыйға ұялы телефон табыс етілді. «Жұмыстың ең үздік презентациясы үшін» номинациясын №1 мектеп-гимназиясының 11всынып оқушысы Сейтова Малика және «Көрермен көзайымы» номинациясын №26 Абай атындағы орта мектебінің 7әсынып оқушысы Мұхтар Алтынай иеленді. Олар дипломмен марапатталып, дыбыс беретін аппараттан ән,саз тыңдау үшін қолданылатын құлақ аспабы сыйға берілді. Қалған жас зерттеушілер «Мақтау қағаздарымен» марапаталып, жоба жетекшілеріне «Алғыс хат» ұсынылды.

Тілдерді ауыстырғыш

Кітапхана әлеуметтік желіде:

www.screenreader.tilqazyna.kz