Д.А.Қонаев атындағы Жамбыл облыстық

балалар мен жасөспірімдер кітапханасы

Сайтта кім бар

Қазір 27 қонақ және Бірде бір тіркелген қолданушы жоқ сайтта отыр

1274524
Сегодня
Вчера
На этой неделе
На прошлой неделе
В Этом месяце
В прошлом месяце
Всего
2353
484
2837
9554
3820
1233985
1274524
Ваш IP: 216.73.216.35
Время на сервере: 03-06-2025 06:44:04

Д.А. Қонаев

Қазақстан - Ұлы Дала Елі

Бір ел-бір кітап

Тараз қаласындағы Жақсылық Үшкемпіров атындағы «Тараз-Арена» спорт кешенінде 21 мамыр – Мәдениет және өнер қызметкерлері күніне орай мәдениет саласында еңбек етіп жүрген нәзікжандылар арасында волейболдан алғаш рет жарыс ұйымдастырылды. Ауқымды спорттық іс-шараны Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту басқармасының Облыстық халық шығармашылығы орталығы өткізді.

Жарысқа басқарма және басқармаға қарасты бес мекеменің қызметкерлері қатысып, өзара мықтыны анықтады. Бұл бастама – тартысты ойынмен қатар, денсаулықты нығайту мен салауатты өмір салтын насихаттауға бағытталған, мәдениет пен спорттың жарасымды үндестігін көрсеткен тамаша үлгі.

Жеңіс жолындағы қызу бәсекенің нәтижесінде: • І орын – Облыстық халық шығармашылығы орталығы; • ІІ орын – Д.А. Қонаев атындағы облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасы; • ІІІ орын – Кенен Әзірбаев атындағы облыстық филармония командаларына бұйырды.

Сонымен қатар, ерекше көзге түскен ойыншылар арнайы марапаттарға ие болды. «Үздік ойыншы» номинациясын Мәдениет және тілдерді дамыту басқармасының баспасөз хатшысы Ғалия Абылай, Ш. Уәлиханов атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының қызметкері Сандуғаш Алақанқызы және облыстық көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтар кітапханасының қызметкері Толқын Тажитуреева иеленді.

Жеңімпаздарды басқарма басшысы Ерлан Жүнісбай арнайы келіп құттықтап, жүлдегерлерге медальдар мен ақшалай сыйлықтарды табыстады.

Айта кету керек, әрбір матч кәсіби төрешілердің мұқият қадағалауымен өтті.

Кликните, чтобы увеличить изображение 001.jpeg

Кликните, чтобы открыть изображение!

joomlamodniyportal.ru

Тілдерді ауыстырғыш

Кітапхана әлеуметтік желіде:

www.screenreader.tilqazyna.kz