2013 жылдың 18-қазан күні қазақтың қоғам қайраткері, атағы жер жарған шешен, Ұлы жүздің бас биі, «Жеті жарғыны» жасаушылардың бірі Әлібекұлы Төле бидің туғанына 350 жыл толуына орай «Жас таланттар» драма үйірмесінің ұйымдастыруымен «Даналардан шыққан сөз» атты сахналық көрініс қойылды.
Қойылымның мақсаты: қазақ даласында өмір сүрген дуалы, от ауызды, орақ тілді Төле бидің ұрпақтан ұрпаққа, атадан балаға мұра ретінде жеткен асыл сөздерімен таныстыру; оқушыларға шешендік сөздер арқылы зерделі, білікті де, білімді, ой – қиялы ұшқыр, ақылды, парасатты тапқыр болуға баулу; шешендік сөздер арқылы оқушыларды атадан қалған сыйластық, инабаттылық достық, жолдастық сияқты асыл мұраларды үйренуге, тәрбиелеу.
Сахналық қойылымды №8 Төле би атындағы гимназияның 3-сынып оқушылары тама шалады.