Д.А.Қонаев атындағы Жамбыл облыстық

балалар мен жасөспірімдер кітапханасы

Сайтта кім бар

Қазір 63 қонақ және Бірде бір тіркелген қолданушы жоқ сайтта отыр

1314241
Сегодня
Вчера
На этой неделе
На прошлой неделе
В Этом месяце
В прошлом месяце
Всего
86
342
637
4131
2330
1290347
1314241
Ваш IP: 216.73.216.21
Время на сервере: 06-08-2025 09:59:44

Д.А. Қонаев

Қазақстан - Ұлы Дала Елі

Бір ел-бір кітап

Д.А.Қонаев атындағы облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасының ұйымдастыруымен Жамбыл политехникалық жоғары колледжі білімгерлерінің қатысуымен қазақ әдебиетінің көрнекті жазушысы, ХХ ғасырдағы қазақ прозасының классигі, мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Әбдіжәміл Нұрпейісовтің туғанына 100 жыл толуына орай «Халық жазушысы – Әбдіжәміл Нұрпейісов» тақырыбында танымдық кеш өткізілді.

Танымдық кеште оқырмандарға жазушының өнегелі өмірінен бейнебаян көрсетіліп, қазақ әдебиетінің дамуына қосқан ауқымды еңбектері туралы ақпарат берілді.

Жазушының қаламынан шыққан «Курляндия», «Қан мен тер», «Соңғы парыз» шығармаларынан үзінділер келтіріліп, оқырмандар арасында кеңінен насихатталды.

Шара соңында оқырмандар халық жазушысының және де ол туралы жазылған ақын-жазушылардың қанатты сөздерін айтып, тақырыпқа сай жасалған кітап көрмесіне библиографиялық шолу жасалды.

joomlamodniyportal.ru

Тілдерді ауыстырғыш

Кітапхана әлеуметтік желіде:

www.screenreader.tilqazyna.kz