Отбасылық кітап оқу мәртебесін қолдау, оқу мәдениетін арттыру, оқырмандарды оқуға және кітапханаларға тарту, кітапқа деген қызығушылықтарын қалыптастыру, оқырмандарды кітапханаға үзбей келуін әдетке айналдыру.
«Отбасылық жедел жәрдем» әлеуметтік жобасы аясында Жамбыл облыстық көпбейінді балалар ауруханасының 4-15 жас аралығындағы ем алушыларына арналған «Емханадағы рухани терапия» жылжымалы кітап көрмесі ұйымдастырылды.
Оқырмандарға кітап туралы сауалнама жүргізіліп, «Бард Бидлдің ертегілері», «Айдаһар әміршілері», «Таңғажайып хайуандар мен олар мекендейтін аймақтар», «Сыңармүйізді ханшайымдар», «Нарния шежіресі», және т.б кітап көрмесі ұсынылды.
Аталған кітаптарға библиографиялық шолу жасалып, оқырмандардың қолына оқуға қалдырылды. Ем алушылардың ата-аналары балаларының бос уақыты тиімді әрі сапалы өтілетініне ризашылықтарын білдірді.
http://jobjk.kz/kz/neg/homepage-4/79-zha-aly-tar/1935-agaern6hgjughk.html#sigProGalleria48bb6a4c3e