детско - юношеская библиотека

Жамбылская областная

Сайтта кім бар

Қазір 12 қонақ және Бірде бір тіркелген қолданушы жоқ сайтта отыр

1123178
Сегодня
Вчера
На этой неделе
На прошлой неделе
В Этом месяце
В прошлом месяце
Всего
46
188
985
1464
3988
1092553
1123178
Ваш IP: 13.59.160.58
Время на сервере: 18-10-2024 05:33:30

Д.А. Қонаев

Қазақстан - Ұлы Дала Елі

Бір ел-бір кітап

Қазақ мемлекетінің бастауында болған Жошы ұлысының құрылғанына биыл 800 жыл. Осыған орай №15 гимназияның 5-7 сынып оқырмандарына «Жошы ұлысы – мемлекетіміздің негізі» тэйбл-ток ұйымдастырылды.

Талқылау барысында тақы¬ры¬пқа арқау болып отырған тарихи тұлғаның өмірбаяны мен өскен ортасы туралы ақпараттар беріліп, Жошы ұлысы туралы 10 дерек айтылды. Бүгінде Ұлытау даласында республикалық маңызға ие 12 тарихи-мәдени кешен бар. Оның тең жарымы Жошы дәуіріне тиесілі.

Жошы хан 1225 жылы дүниеден өтіп, ұлыс билігі екінші ұлы Батудың қолына көшеді. Ол 1256 жылға дейін ел басқарды. Одан кейін Батудың ұлдары Сартақ пен Ұлақшы аз ғана уақыт билік құрса, 1257-1266 жылдары Берке ел биледі. Бұл кезеңді Жошы ұлысының еңселі дәуірі дейді тарихшылар. Одан кейін Мөңке-темір 14 жыл, Тұла бұқа төрт жыл, соңында Тоқты, Өзбек, Жәнібек хандар кезектесіп билік басына отырды. Бұл билеушілерді тарихшылар Жошының өз ұрпағынан шыққан хандар деп есептейді.

Іс-шара соңында оқырмандарға «Қазақстан тарихы», «Тұран әлемі», «Көк түріктер», «Көшпенділердің ұлы шайқастары», «Ұлы дала мемлекеттері» кітаптары таныстырылды.

Тілдерді ауыстырғыш

Кітапхана әлеуметтік желіде:

www.screenreader.tilqazyna.kz