«Болашаққа жоспар – жаңа оқу орнымен!» жобасы аясында №15 мектеп-гимназиясының 9 сынып оқушылары Жамбыл политехникалық жоғары колледждің «Құзыреттілік» орталығының меңгерушісі Оралбекова Алия Қойшыбековнамен кездесті.
Оқырмандарға колледждің тыныс-тіршілігі бейнеленген ролик көрсетіліп, оқу орнының құрылу тарихынан бастап, колледждің ұсынатын мамандықтарымен оқыту деңгейлеріне тоқталып өтілді. Мектеп түлектерінің емтихандарға қатысуға өтініш беру мерзімін, тоғызыншы сыныптан кейін грантқа емтихансыз өтуге болатынын айтып кетті.
Кездесу соңында «Мамандық таңдау – болашақ таңдауы» кітап көрмесі ұсынылып, жадынама парақшалары таратылды.
http://jobjk.kz/kz/neg/homepage-4/79-zha-aly-tar/1883-bolasha-a-zhospar-zha-a-o-u-ornymen-zhoba.html#sigProGalleria1881543ab8