Оқырмандарға мамандық таңдау, мамандықтарға деген ынта- ықыласын арттыру, кәсіптік бағдар беру мақсатында «Физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің» маманы, әдіскер Мырзаков Нұржан Жүнісбекұлы және №32 орта мектебінің 5-6 сынып оқушыларының қатысуымен лицейлер апталығының үшінші күні өтті.
Мектеп түлектеріне қаламыздағы беделді «Физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің» арнайы маманы, әдіскер Мырзаков Нұржан Жүнісбекұлы келіп арнаулы оқу орнының құрылу тарихынан бастау алып, мектептің оқыту деңгейлеріне тоқталып өтті.
Мектеп түлектерінің шығармашылық емтихандарға қатысуға өтініш беру мерзімін, алтыншы сыныптан кейін емтихан тапсырып өтуге болатынын айтып, мектеп тарапынан ұйымдастырылып отыратын байқаулар, үйірмелер туралы толық ақпарат берді.
Іс-шара соңында оқу орнына таныстырылым жасап, «Жақсы мамандық-жарқын болашақтың бастауы» кітап көрмесіне шолу жасалды.