Ақпараттық технологиялардың шарықтаған заманында, оқу мәдениеті, жалпы кітап оқу үрдісі бәсеңдеп барады. Осыған орай отбасылық оқу дәстүрін қайта жандардыру мақсатында біздің кітапханада 2023 жылдан бастап «Отбасылық жедел жәрдем» әлеуметтік жобасы ашылды.
«Отбасылық жедел жәрдем» әлеуметтік жобасы аясында «Логопедтік пункт» айдарының кезекті кездесуінде білікті мамандар: логопед-дефектолог, АВА терапист Бектұрған Айша және логопед Бекбаева Гүлмира балалардың тілінің кеш шығуының себептерін, ата-аналарға балаға жасатылатын жаттығу түрлерін үйретіп, кеңес берді. Бала тілінің дамуына арналған әдіс-тәсілдерді көрсетті. Кітапхана қызметкерлері кітапхана қорындағы логопед саласына байланысты әдебиеттермен таныстырды.