Білім күні мен Қазақстан Халықтарының тілдері мерекесіне орай Д.А.Қонаев атындағы облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасының ұйымдастыруымен, облыстық жасөспірімдерді тәрбиелеу орталығының тәрбиеленушілерімен «Білімдінің күні жарық» және «Тілге құрмет – елге құрмет» тақырыбында іс-шаралар өткізілді.
Шара барысында аталған күндерге орай толық мәлімет беріліп, сұрақ-жауап пен ойындар ойнатылып, көрмеге шолу жасалды.
Жасөспірімдер үйінің тәрбиеленушілері мәнерлеп өлең оқып, ән айтып белсенділік танытты.