детско - юношеская библиотека

Жамбылская областная

Сайтта кім бар

Қазір 42 қонақ және Бірде бір тіркелген қолданушы жоқ сайтта отыр

1033338
Сегодня
Вчера
На этой неделе
На прошлой неделе
В Этом месяце
В прошлом месяце
Всего
655
262
3904
1950
8928
1010257
1033338
Ваш IP: 18.118.28.197
Время на сервере: 18-05-2024 19:50:47

Д.А. Қонаев

Қазақстан - Ұлы Дала Елі

Бір ел-бір кітап

6 шілде Астана қаласы күніне орай №13 балабақшаның тәрбиеленушілерінің қатысуымен «Астана — бақыт бастауы» тақырыбында көрме-саяхаты өткізілді. Жас оқырмандарға Астана туралы мағлұмат беріп, елордамыз Астананың көрікті орындарымен таныстыру мақсатында бүлдіршіндерімізді Отансүйгіштікке, тәрбиелей отырып іс-шараны «Астана», әнін шырқаумен басталды.

Бүлдіршіндер Астана қаласы туралы не білетіндері жайлы ойларын айта отырып, кітапханаға келген жас оқырмандар ертегілер әлеміне еніп, кітапхана қорындағы жаңадан түскен «3D кітап», «Сиқырлы кітап», «Ашылмалы кітапша», «Балаларға базарлық» серияларымен шыққан кітаптарды тамашалап, өте риза болды. Кітапханашы «Елдің мәртебесі Астана» атты арнайы жасалған слайд көрсетілді.

Оқырмандар Нұр-сұлтан қаласына арнап жаттаған тақпақтарын жатқа айтып, №13 балабақшасының музыка жетекшісі Әділ Алихан «Адай» күйін орындап берді. Балапандар өз өнерлерін ортаға салып «Жаз» туралы әндерін шырқады. Іс-шара соңында бүлдіршіндерге тәттілер таратылып кеш өте қызықты өтіп «Бәйтерек» әнімен аяқталды.

Тілдерді ауыстырғыш

Біз Интернетта:

Рухани жаңғыру