детско - юношеская библиотека

Жамбылская областная

Сайтта кім бар

Қазір 69 қонақ және Бірде бір тіркелген қолданушы жоқ сайтта отыр

1027979
Сегодня
Вчера
На этой неделе
На прошлой неделе
В Этом месяце
В прошлом месяце
Всего
204
173
495
3663
3569
1010257
1027979
Ваш IP: 3.138.174.195
Время на сервере: 08-05-2024 13:34:02

Д.А. Қонаев

Қазақстан - Ұлы Дала Елі

Бір ел-бір кітап

«Болашаққа жоспар жаңа оқу орнымен» жобасы аясында университеттер апталығының соңғы қорытындылау күнінде Сүлейман Демирел университеті онлайн кездесуге қатысты.

Рекрутинг және талапкерлерді қабылдау офисінің маманы Әліби Ордабек оқу орнының құрылу тарихынан бастау алып, университеттің оқыту деңгейлеріне тоқталып өтті. Оқу орны 1996 жылы ашылған еліміздің алғашқы халықаралық үлгіде білім беретін жоғары оқу орындарының бірі екендігін айтты.

Талапкерлерге қойылатын талаптар мен міндеттерді түсіндірді. Оқытушылармен алмасу саласында және академиялық байланысты дамыту бойынша шетел ЖОО-мен алмасу практикасының жүргізіліп жатқандығын айтты. Білім беру қызметтерін ұсынуға арналған жоғары білікті мамандар, дамыған инфрақұрылым және материалдық-техникалық базасы бар таңдаулы оқу орны екендігіне баса назар аударылды.

Zoom платформасы арқылы «Әлем» колледжінің жоғары курс студенттері, №23 орта мектебінің 11 сынып оқушылары тікелей эфирде өздеріне қажет барлық мәліметтерді алып, сұрақтарына жауап алды.

Осымен, «Болашаққа бағдар жаңа оқу орнымен» жобасы аясында өткен университеттер апталығы аяқталды. Апталыққа ат салысып, жоғары белсенділік танытқан барлық қатысушыларға кітапхана атынан алғыс айтамыз.

Университеттер апталығы

Тілдерді ауыстырғыш

Біз Интернетта:

Рухани жаңғыру