детско - юношеская библиотека

Жамбылская областная

Сайтта кім бар

Қазір 53 қонақ және Бірде бір тіркелген қолданушы жоқ сайтта отыр

1027158
Сегодня
Вчера
На этой неделе
На прошлой неделе
В Этом месяце
В прошлом месяце
Всего
339
1981
3337
1593
2748
1010257
1027158
Ваш IP: 3.133.111.85
Время на сервере: 03-05-2024 23:59:20

Д.А. Қонаев

Қазақстан - Ұлы Дала Елі

Бір ел-бір кітап

«Балалар жылы» аясында өнерлі, талантты балалардың жұлдызын жағу, ұрпақ санасына ұлтжандылық рухын сіңіріп, жас жеткіншектердің талабын оятып, өнерлерін насихаттау мақсатында «DARA BOL!» дарынды балалармен кездесу ұйымдастырылды.

Кездесуге қаламыздың ерекше дарынды инновациялар мен жаңа технологияларды игерген болашақ ғалым балалар, спорт саласының болашақ жұлдыздары, сонымен қатар, болашақ математиктер жиналды.

Жамбыл облыстық техникалық шығармашылық орталығы «Кеме құрастыру», «Робототехника» және «Әуе ұшақтарды құрастыру» үйірмелерінің макеттер көрмесін көпшілік қауымға ұсынды.

Дарынды балаларға арналған мамандандырылған «Дарын» мектеп-интернатының оқушылары Сағынбек Рамазан мен Закиров Алихан желдің күшімен қозғалатын көліктер мен медицинадағы көмекші роботты таныстырды, ал Жәнібекқызы Айгерім экологиялық маңызы бар күзгі жапырақтарды өңдеу жобасын қорғады.

Исмаил Данияр мен Марат Жан үшбұрышты және төртбұрышты кубик-рубикті жылдам құрастырудың шеберлігін көрсетті. Алты жасар Азимов Ахмад жылдам есеп шығарып ментальды арифметиканың қыр-сырымен таңқалдырса, Дүйсен Заңғар көлік түрлерін жақсы білетінін көрсетті.

Сейтқұл Еркін қағаздан қылыш түрлерін жасап, қол өнерін ұсынды. Ал Сапаралиев Алижан өзі жасаған роботтарды таныстырды.

Кездесу барысында өнерлі балалар өздерін таныстыра отырып, талантын көрсетті және қызығушылығы бойынша қойылған сұрақтарға жауап берді. Барлық қатысушыларға арнайы сыйлықтар мен дипломдар ұсынылды.

Посмотрите вложенную галерею изображения онлайн в:
http://jobjk.kz/kz/neg/homepage-4/79-zha-aly-tar/1589-dara-bol-daryndy-balalarmen-kezdesu.html#sigProGalleriacedd2c98e8
joomlamodniyportal.ru

Тілдерді ауыстырғыш

Біз Интернетта:

Рухани жаңғыру