детско - юношеская библиотека

Жамбылская областная

Сайтта кім бар

Қазір 28 қонақ және Бірде бір тіркелген қолданушы жоқ сайтта отыр

1023417
Сегодня
Вчера
На этой неделе
На прошлой неделе
В Этом месяце
В прошлом месяце
Всего
74
129
1189
2037
13160
982512
1023417
Ваш IP: 3.147.65.65
Время на сервере: 27-04-2024 13:38:51

Д.А. Қонаев

Қазақстан - Ұлы Дала Елі

Бір ел-бір кітап

Қазақтың көрнекті ақыны, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты Ескен Елубаевтың туылғанына 80 жыл толуына орай ақынның өмірі мен шығармашылығын балаларға тереңірек оқыту, балаларға арналған сан алуан тақырыптағы танымдық-тәрбиелік туындылары арқылы балалардың қазақтың тілі мен әдебиетіне, мәдениетіне деген ықыласын арттыру және көркем сөз оқу шеберлігін, тіл мәдениетін жетілдіру, рухани-адами тәрбие беру, ұлтжандылық қасиеттер қалыптастыру мақсатында «Балалар әдебиетінің бағбаны – Ескен Елубаев» әдеби турнир өткізілді.

    Іс-шара барысында оқырмандарға ақынның өмірі, шығармашылығы жөнінде мағлұмат берілді. Әдеби турнир:
  1. «Мен кітапхананың тұрақты оқырманымын» сайыскердің өзін – өзі таныстыруы;
  2. «Ескен Елубаев – балалар әдебиетінің көрнекті ақыны» Е.Елубаевтың өлеңін жатқа оқу немесе әңгімелерінен сахналық қойылым қою; 3.«Библиошар» Ескен Елубаевтың өмірі мен шығармашылығы туралы сұрақтарға жауап беру кезеңдерінен құралды.

Қатысушы оқырмандар белсене қатысып, ақынның шығармашылығынан өлеңдер, жаңылтпаштар, мақал-мәтелдер оқып, өздерінің біліктіліктерін арттырды.

Іс-шара соңында қатысушылар алғыс хатпен марапатталып, «Балалар әдебиетінің бәйтерегі» кітап көрмесіне библиографиялық шолу жасалды.

joomlamodniyportal.ru

Тілдерді ауыстырғыш

Біз Интернетта:

Рухани жаңғыру