детско - юношеская библиотека

Жамбылская областная

Сайтта кім бар

Қазір 42 қонақ және Бірде бір тіркелген қолданушы жоқ сайтта отыр

1032727
Сегодня
Вчера
На этой неделе
На прошлой неделе
В Этом месяце
В прошлом месяце
Всего
44
262
3293
1950
8317
1010257
1032727
Ваш IP: 3.146.176.81
Время на сервере: 18-05-2024 04:12:15

Д.А. Қонаев

Қазақстан - Ұлы Дала Елі

Бір ел-бір кітап

Оқырмандар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, өскелең ұрпақты жастайынан сыбайлас жемқорлық көріністеріне төзбеушілік қатынастар құндылығына тәрбиелеу және оны бойларына сіңіру мақсатында «Сыбайлас жемқорлықсыз болашақ» тақырыбында дебат өткізілді.

Сыбайлас жемқорлық қоғамды қатты алаңдатып отырған келеңсіз көріністер мен қазіргі заманғы қоғамның аса бір көкейтесті мәселелерінің бірі екені айтылып, «Жемқорлыққа қарсы күресті Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының бірі» деп Елбасымыз атап айтқандай жастарға жемқорлық өте қауіпті жағымсыз әлеуметтік көріністердің бірі екенін, экономикалық заңдардың еркін әрекетін біршама деңгейде шектейдіндігі туралы, еліміздің әлемдік қоғамдастық алдындағы беделін төмендететіндігі, еліміз үшін пайдалы шетелдік инвестициялардың жолындағы басты кедергілердің бірі болып табылатындығы жайлы айтылды.

⠀ Іс-шара барысында оқырмандар арасында адалдық, дұрыс жолмен жүру, басқа адамның затына қол сұқпау жөнінде түсінік берілді.

Оқырмандарды екі топқа бөліп, 1-ші топ: «Егер мен болашақта Қазақстан Республикасының президенті болсам, сыбайлас жемқорлықпен қалай күресер едім?» 2-ші топ: Сыбайлас-жемқорлықты қалай жоюға болады? деген сауалдарға өздерінің ой-пікірлерін ортаға салып, белсене қатысты.

Сондай-ақ, әрбір жас ең алдымен құқықтық сауатты мәдениетті, білімді басекеге қабілетті, азаматтық ұстанымы айқын тұлға болуға міндетті екендігі айтылып, жемқорлық дертінен айрылып, әлемдегі дамыған алдыңғы қатарлы елдердің қатарынан орын алуға үлкен үлес қосатындары жайлы ойларын білдірді. .

Оқырмандар арасында адалдық, дұрыс жолмен жүру, басқа адамның затына қол сұқпау жөнінде түсінік берілді. Іс-шара сонында «Жемқорлық ғасыр дерті» кітап көрмесіне библиографиялық шолу жасалды.

joomlamodniyportal.ru

Тілдерді ауыстырғыш

Біз Интернетта:

Рухани жаңғыру