детско - юношеская библиотека

Жамбылская областная

Сайтта кім бар

Қазір 58 қонақ және Бірде бір тіркелген қолданушы жоқ сайтта отыр

1032882
Сегодня
Вчера
На этой неделе
На прошлой неделе
В Этом месяце
В прошлом месяце
Всего
199
262
3448
1950
8472
1010257
1032882
Ваш IP: 3.12.241.2
Время на сервере: 18-05-2024 10:22:33

Д.А. Қонаев

Қазақстан - Ұлы Дала Елі

Бір ел-бір кітап

Алаш көсемі, мемлекет және қоғам қайраткері, халқымыздың біртуар перзенті – Әлихан Бөкейхановтың 155 жыл толуына орай кітапханада «Алаш көсемі» кітап көрмесі ұйымдастырылды.

⠀ Алаш Орда үкіметінің төрағасы, ұлт көсемі Әлихан Нұрмұхамедұлының мерейтойы биыл ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығымен тұспа-тұс келіп отыр. Өзінің бар саналы ғұмырын қазақ халқының ұлт-азаттық қозғалысына, мемлекет біртұтастығы мен тәуелсіздігіне арнаған, ел егемендігі мен халқы үшін жан кешіп күрескен Әлихан бабамыздың есімі ел есінде мәңгілік. Кітапхана мамандары 1917-1927 ж. Семейдiң бұрынғы «Заречная Слободка» бөлiгi Алаш қаласы болып аталып келгендігі, Әлихан Бөкейхан 1918 жылдан бастап өзiнiң Алашорда үкiметiнiң төрағасы қызметiне байланысты Семейде тұрғаны жайында атап өтті.

⠀ Әлихан Бөкейхановтың Алашорда үкiметiнiң Ұлт Кеңесi, Семей облыстық кеңесi, облыстық және уездiк Земство басқармалары, Алаш қалалық Думасы мен Алаш қалалық қоғамдық басқармасы тәрiздi болашақ мемлекеттiк басқару жүйелерiн құруға қатысып, қыруар iстер атқарғандығы туралы кітап беттеріндегі құнды деректер таныстырылды.

Сондай-ақ кітап көрмесіне Ә. Бөкейханов шығармаларының 9 томдық толық жинағы, ғалымның таңдамалы еңбектері, «Алаш және тарих», «Алаш және әдебиет» кітаптары мен Т.Жұртбайдың «Ұраным Алаш», К. Нұрпейісовтің «Алаш һәм Алашорда», Ғ. Ахмедовтің «Алаш, Алаш болғанда» т.б. алаштанушы ғалымдардың еңбектері қойылып, шолу жасалды.

Посмотрите вложенную галерею изображения онлайн в:
http://jobjk.kz/kz/neg/homepage-4/79-zha-aly-tar/1406-alash-k-semi-kitap-k-rmesi.html#sigProGalleria48f944e104
joomlamodniyportal.ru

Тілдерді ауыстырғыш

Біз Интернетта:

Рухани жаңғыру