22.04.2013. 22 сәуір күні БҰҰ Бас Ассамблеясының мақұлдауымен Халықаралық Жер-Ана күніне орай Жамбыл облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасы Бүлдіршіндер секторының ұйымдастыыруымен №13 орта мектепте «Жер-Ана – бәрімізге ортақ үй» тақырыбында эко-лирикалық сағат өтті.
22 сәуір күні БҰҰ Бас Ассамблеясының мақұлдауымен Халықаралық Жер-Ана күніне орай Жамбыл облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасы Бүлдіршіндер секторының ұйымдастыыруымен №13 орта мектепте «Жер-Ана – бәрімізге ортақ үй» тақырыбында эко-лирикалық сағат өтті.
Мақсаты: Оқушыларға туған жерін, табиғатына деген аялы көзқарастарын қалыптастыру, танымдық белсенділігін арттыру; «Жер-Ана» тақырыбы бойынша кең мағлұмат беру; оқушылардың ой-өрісін дамыту, логикалық ойлау қабілетін дамыту, сөйлеу тілін қалыптастыру.
Іс-шараға №13 орта мектептің 3 «А» сынып оқушылары қатысты. Кітапханашы оқушыларды туған жерін сүюге, табиғатты аялай және қорғай білуге шақырды. Табиғат тіршілік көзі екендігін, табиғи заңдылықтарды қатаң сақтау керектігін терең түсіндірді. Эко-лирикалық сағат соңында оқушыларға жер, табиғат туралы жұмбақтар жасырылып, өлеңдер оқылды.