4 маусым – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күні
4 маусым – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күніне орай оқырмандарға аса маңызды мемлекеттік белгілер рәміздер жөніндегі білімдерін жан-жақты сарапқа салу, оларға мемлекеттік белгілердің аса маңызды екенін ұғындыру, оны ерекше құрметтеп, мақтан тұту керектігін ашып көрсету, Отаншылдық, ұлтжандылыққа, өз елін, тегін, тілін, тарихын сүюге тәрбиелеу мақсатында «Рәміздер мақтанышым» тақырыбында кітап көрмесі қойылып, слайд-презентация көрсетілді. Төле би атындағы №8 гимназияның жазғы лагерь оқушыларымен «Ел рәміздері - ел рухы» библио-викторина, ал № 23 мектеп оқырмандарының қатысуымен «Рәміздерім елдігімнің белгісі» информ өткізілді.
Іс-шара барысында оқырмандар аса маңызды мемлекеттік белгілер - Елтаңба, Ту, Әнұран туралы түсініктерін нығайтып, рәміздердің пайда болу тарихы мен маңызы жайлы ақпараттар алды. Рәміздік белгілер ғасырлар бойы дами келе мемлекеттік рәміздерге айналғанын ұғып, оқырмандар рәміздер туралы ой-пікірлерін ашық айтты. Ту, елтаңба, әнұран ата-бабаларымыз армандап кеткен тәуелсіздіктің басты белгілері екенін біліп, оқырмандар ұлттық рәміздерге байланысты сұрақтарға жауап берді.
http://jobjk.kz/kz/neg/homepage-4/79-zha-aly-tar/1267-4-mausym-aza-stan-respublikasyny-memlekettik-r-mizder-k-ni.html#sigProGalleriad5dd1865e5