1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күні
«Бар жақсылық – балаларға!» Бұл ұран сонау Кеңес кезеңінің ұраны болса да, әлі күнге дейін өз мәнін жойған жоқ. Бұл ұранның әлі күнге дейін мәнін жоймағандығын, келешек ұрпақ тәрбиелеуде біздің ең басты ұранымыз болып қала береді.
1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне орай 31 мамырда «Біз бақытты балдырған» бэйби-шоу ойын-сауық, 1 маусымда - аула балалары үшін «Балақай, алақай» мерекелік кеші өткізілді. Іс-шараға қала тұрғындары мен «Радуга әлем» балабақшасы қатысты. Бүлдіршіндерді қуыршақ, Клепа мен Степа сайқымазақтар, ертегі кейіпкерлері қарсы алды. Ертегілер елінен келген қонақтар балаларға түрлі тақырыптарда сұрақтар қойып, қызықты ойындар ойнатты. Балалар өлеңдер оқып, ән салды. Сондай-ақ кітапхана қызметкерлері балғын балаларды мейрамдарымен құттықтап, шаттық көңіл-күй сыйлады.
Мерекелік іс-шараға белсене қатысқан оқырмандар марапатталып, балмұздақ таратылды. Шара соңында «Балғын балалар – біздің болашағымыз кітапханаға саяхат жүргізіліп, «Бақытты балдырған» ілулі кітап көрмесіне библиографиялық шолу жасалды. «Алдар Көсе», «Менің атым Қожа», «Тазша бала», «Қазақ ертегілері», «Гарри Поттер», «Рикки-тикки-тави» сияқты көптеген кітаптар ұсынылды.
http://jobjk.kz/kz/neg/homepage-4/79-zha-aly-tar/1265-1-mausym-khaly-araly-balalardy-or-au-k-ni.html#sigProGalleria3e50e8eef6