«Мамандық-өмір таңдауы»
фестивалі
26 қазан Д.А Қонаев атындағы Жамбыл облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасының ұйымдастыруымен «Мамандық - өмір таңдауы» фестивалі өткізілді.
Аталған шараға Төле би атындағы №8 мектеп гимназияның психолог маманы Құралбаева Майра Қырғызбайқызы, емші бике маманы Естаева Айымкуль, №23 орта мектептің оркестр үйірме жетекшісі Жұмабеков Төрехан ағамыз және кітапхананың тұрақты оқырмандары қатысты.
Іс-шара барысында келген қонақтар мен оқырмандарға әлемдегі сан түрлі мамандықтар, ең қызықты және ерекше мамандықтар туралы айтылып, «мамандық» сөзіне анықтама берілді.
Қазіргі таңда ХХI - ғасырда қажетсінбеген, тіпті естіп-білмеген түрлі мамандықтар туралы оқырмандарды жаңа түрлерімен таныстырды. Сонымен қатар мамандықтарға толықтай мағлұмат берілді. Бренд-менеджер тауарды сатуды ғана емес, оның қалай өндірілетінін жақсы білетін маман; логистик - бұл мамандық туралы естуіңіз бар шығар. Қысқаша айтқанда, бұл - жүк тасымалын қадағалайтын маман; промоутер - компанияның өнімді сату, жарнамалау және өткізу жұмыстарымен шұғылданатын өкілі; супервайзер - сауда өкілдіктерінің жұмысын қадағалайтын, жаңа бағыттарды айқындайтын маман; веб-мастер сайт жасаумен шұғылданатын маман; копирайтер - сайт үшін контент құрушы; коучер - қызметшілердің потенциалын өсіретін маман; интервьюер - әлеуметтік зерттеулер үшін сауалнама, сұхбат жүргізетін маман; девелопер - жылжымайтын мүлік саласында, оны жобалау және құрылысын жүзеге асырумен шұғылданатын маман; сомелье - ресторандарда сусындардың тартылуына (дұрыс құйылып, қонаққа берілуіне) жауапты кәсіби маман; джобер – оның жұмысы брокердің жұмысына ұқсайды, бірақ джобер акцияларды сатып алуға және сатуға өз ақшасын жұмсайды; рецепшеонист – тұтынушылар қабылдау және келушілерді тіркеумен шұғылданатын қызметші мамандықтары туралы ерекше айтты.
Мұнан кейін қонақтарға сөз беріліп, өз мамандықтарының қызығы мен қиыншылығына тоқталды. Сондай–ақ №23 орта мектептің оркестр үйірмесінің жетекшілік етуімен «Кеңес күйі» орындалды, қонақтарға сөз беріліп №23 орта мектептің оркестр үйірме жетекшісі Жұмабеков Төрехан ағамыз бала кезімде спортшы боламын деп армандайтынмын. Мектеп бітіріп, мамандық таңдар кез жеткенде, ата-анамның ақылымен өнер саласын таңдадым. Сөйтіп, Жамбыл облысындағы кәсіптік техникалық мәдениет ағарту училищесіне түсіп, білім алып шықтым. Бүгінде бұл салада еңбек еткеніме 35 жыл толыпты, жалпы осы жылдар ішінде тәжірбиелі маман ретінде қалыптастым деп айта аламын. Мен осы бағытты таңдағаныма еш өкінбеймін, керсінше, мамандық таңдауда қателеспегеніме бақыттымын, - деген Төрехан ағай оқырмандардың қойған түрлі сауалдарына жауап берді.
№8 мектеп гимназияның психолог маманы Құралбаева Майра Қырғызбайқызына сөз беріліп, өз мамандығының қызығы мен қиыншылығына тоқталды. «Адам баласының бір бақыты-өз таңдаған мамандығын сүюі». Мен таңертең жұмысқа келіп, оқушылардың сүйкімді жүзін көргенде ерекше қуанамын. Менің мақсатым балаларға саналы тәрбие мен сапалы білім беру»- дейді Майра Қырғызбайқызы сөзін қорытындылай келе оқырмандармен тренинг ойынын өткізді. Болашақ жас мамандарымызға мамандық таңдау барысында шалыс басуға болмайтындығы жайында айтып, оларға өздерінің ақыл-кеңестерін берді.
Іс-шарада №23 мектептің оркестрі өз өнерлерін көрсетті.
Оқырмандар арасында «Мамандықты тап» атты ойын ойнатылып, оқушылар ситуациялық сұрақтарға жауап берді.
Іс-шараға 30 оқушы қатысты.15 оқырман тіркеліп, 8 кітап үйге берілді.
http://jobjk.kz/kz/neg/homepage-4/79-zha-aly-tar/1202-mamandy-mir-ta-dauy-festivali.html#sigProGalleria74f9c6a600