«Ананың аялы алақаны»
мерекелік сазды кеш
Д.А.Қонаев атындағы Жамбыл облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасында 8 наурыз – Халықаралық әйелдер мерекесіне орай «Ананың аялы алақаны» мерекелік сазды кеш өтті.
Іс-шараның мақсаты анаға деген мейірімді, сүйіспеншілікті арттырып, үлкенге ізет, кішіге үлгі бола білуді насихаттау; аяулы да қымбатты аналар мен аруларды мерекесімен құттықтау, әсіресе кітапхана ардагерлеріне мерекелік көңіл күй, қуаныш сыйлау.
Кешке кітапханада біраз жылдар аянбай қызмет жасаған ардагерлер шақырылды. Олардың талай жылғы кітапханаға сіңірген еңбектері іс-шара барысында айтылды. Арнайы «Шіркін-ай қымбат жастық шақ...» тақырыбында ардагерлердің еңбек жолын баяндайтын слайд көрсетіліп, «Әйел – әлемнің шуағы» кітап көрмесі жасақталды. Кітапхана қызметкерлері «Шүмән апа қонақта» атты әзілге толы қызықты көрніс көрсетіп, әндер шырқады. Кітапхана ардагерлері мерекелік дастарханнан дәм татып, құттықтау сөздерін айтып, жылы лебізден білдірді. Кітапхана ұжымы да ардагерлерге зор алғыстарын білдіріп сыйлықтар табыстады.
http://jobjk.kz/kz/neg/homepage-4/79-zha-aly-tar/1148-anany-ayaly-ala-any-merekelik-sazdy-kesh.html#sigProGalleria78afd7c75e