«Бала тілін тапқан ақын»
өлеңдерін дауыстап оқу
(Ермек Өтетілеуовтің туылғанына 80 – жыл)
Балалар ақыны, аудармашы Ермек Өтетілеуұлының туғанына 80 жыл толуына орай №33 орта мектеп оқушыларының қатысуымен ақынның өмірі мен шығармашылығын насихаттап, туындыларын оқырмандарға кеңінен таныстыра отырып, жазушының шығармалары арқылы қарапайымдылыққа, кішіпейілділікке, әдептілікке, еңбексүйгіштікке үйрету мақсатында «Бала тілін тапқан ақын» тақырыбында дауыстап оқу өткізілді.
Іс-шара барысында оқырмандарға Ермек Өтетілеуұлының өмірі мен шығармашылығынан мәліметтер берілді. Қатысушылар «Ана тілі», «Табиғат тану», «Біз солдат боламыз», «Балық аулау» өлеңдерін мәнерлеп оқыды. Сондай-ақ ақынның кітаптарынан жұмбақтар жасырылып бүлдіршіндер жарыса жауап берді. Оқырмандарға Ермек Өтетілеуовтың жануарлармен жылдың төрт мезгіліне қатысты жазған өлеңдері қатты ұнады. Әрбір туындысына балалар қызығушылық танытып іс-шараға белсенді атсалысты.
Ақынның адалдық, ізгілік, достық, өнер-білімге шақыратын шығармалары бүлдіршіндердің санасын одан әрі жетілдіріп, білімдерін шыңдай түсуіне ықпалы зор. Сондықтан жас буынның осындай талантты тұлғалардың шығармаларын оқуы ең негізгі тәрбие көзі болмақ.
Іс-шараға 22 оқырман қатысты. Көрмеге 15 кітап және жазушының суреттері қойылды. Кітапханамызға 15 оқырман тіркелді.
http://jobjk.kz/kz/neg/homepage-4/79-zha-aly-tar/1126-bala-tilin-tap-an-a-yn-le-derin-dauystap-o-u-ermek-tetileuovti-tuyl-anyna-80-zhyl.html#sigProGalleriaea42d4eab6