«Кітапхана –төзімділік аумағы» бағдарламасы аясында
«Кітапхана білімпаздар мекені»
кітапханаға саяхат
Оқырмандардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, білім алуға деген құштарлығын ояту, кітаптың адам өміріндегі маңызы мен болашағының жарқын болуына септігін тигізетін негізгі құрал екендігін түсіндіру мақсатында, сондай-ақ рухани азық көзін кітаптан алатындығымызды жеткізуде «Кітапхана – төзімділік аумағы» бағдарламасының аясында «Кітапхана білімпаздар мекені» тақырыбында кітапханаға саяхат өткізілді.
Іс-шараға №8 мектеп-гимназия оқушылары мен кітапхананың тұрақты оқырмандары қатысты. Оқырмандар кітапханадағы әр сектордың яғни Абонемент, Оқу залы, Бүлдіршіндер секторы, Ақпараттық-библиография секторы, Негізгі қорды сақтау бөлімі, Кітапхана үрдістерін автоматтандару секторларының жұмыстарымен танысып, кітапхананың тарихын білді. Кітапханада қойылған «Ұлы тұлға», «Туған жерім – тұғырым, өскен елім – өзегім», «Жұлдызды қала – Астана», «Рухани жаңғыру – болашаққа жарқын жол» тұрақты кітап көрмелеріне шолу жасалды. Оқырмандар әр түрлі тақырыптарда жазылған көркем әдебиеттерге қызығушылық танытып, үйге оқуға жаздырып алды. Біздің санамыздың жаңғыруына бірден бір себеп боларлық құнды құрал ол ең алдымен кітаптарда екені айқын. Сондықтан жасөспірімдерді кітап оқуға шақыру басты міндет.
Тиімділігі: қолға 8 кітап берілді, қатысушылар саны 27 оқырман, кітапханаға жаңадан тіркелген оқырман саны 11.
http://jobjk.kz/kz/neg/homepage-4/79-zha-aly-tar/1124-kitapkhana-t-zimdilik-auma-y-ba-darlamasy-ayasynda-kitapkhana-bilimpazdar-mekeni-kitapkhana-a-sayakhat.html#sigProGalleriade0dea9c73