Д.А.Қонаев атындағы Жамбыл облыстық

балалар мен жасөспірімдер кітапханасы

Сайтта кім бар

Қазір 34 қонақ және Бірде бір тіркелген қолданушы жоқ сайтта отыр

1285764
Сегодня
Вчера
На этой неделе
На прошлой неделе
В Этом месяце
В прошлом месяце
Всего
27
222
1502
3783
15060
1233985
1285764
Ваш IP: 216.73.216.145
Время на сервере: 22-06-2025 06:16:50

Д.А. Қонаев

Қазақстан - Ұлы Дала Елі

Бір ел-бір кітап

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Біздің мақсатымыз айқын, бағытымыз белгілі, ол – әлемдегі ең дамыған 30 елдің қатарына қосылу» - деп айтқан болатын. Осы орайда оқырмандардың бойында ұлттық сананы оятып, туған халқына деген құрмет, сүйіспеншілік, мақтаныш сезімін ұялату, ұлттық рухты сіңіру мақсатында Керімбай атындағы №12 мектеп-гимназиясының оқырмандарымен «Біздің Елбасы» тақырыбында ақпараттық сағат өтті.

 

Іс-шара барысында «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласындағы алты бағытқа ерекше тоқталып, маңызды тұстары талқыланды. Табысқа жетудің негізгі кілті ең алдымен білімді бәрінен жоғары орынға қою керектігі айтылып, оқырмандарды елінің болашағын ойлайтын, білімді де саналы азамат болуға шақырды. Қатысушылар Елбасының мақаласы жайында өз ойларымен бөлісіп, еліміз үшін жасалып жатқан жарқын істер жайында өз білетіндерін айтты. Сондай-ақ 1 желтоқсан – Тұңғыш Президен күніне орай Елбасының өмір жолы мен қызметі туралы мағлұматтар берілді. Викториналық сұрақтар қойылып, «Елбасы – ел мақтанышы» кітап көрмесі таныстырылды. Көрмеге Н.Назарбаевтың қаламынан шыққан туындылар қойылды.

Іс-шара соңында оқырмандар туған жер, Отан туралы мақал-мәтел, нақыл сөздер, өлең шумақтарын айтып, Елбасының кітаптарынан үзінділер оқыды.

Посмотрите вложенную галерею изображения онлайн в:
http://jobjk.kz/kz/neg/homepage-4/79-zha-aly-tar/1096-bizdi-elbasy-a-parat-sa-aty.html#sigProGalleria2f1b378306
joomlamodniyportal.ru

Тілдерді ауыстырғыш

Кітапхана әлеуметтік желіде:

www.screenreader.tilqazyna.kz