Елбасы Н.Ә.Назарбаев «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Қазақстан халқына жолдауында еліміздің дамып-өркендеуі үшін жаһандық бәсекеге қабілетті, білімді, креативті жастарды тәрбиелеу барлығымыз үшін үлкен міндет екендігін атап көрсеткен болатын.
Осы міндетті жүзеге асыру және жастардың санасына егеменді елдің болашағы тек білімді жастардың қолында екендігін ұялату мақсатында Д.А.Қонаев атындағы Жамбыл облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасының ұйымдастыруымен «Еркін елдің ертеңі – жастар» атты білгірлер сайысы өткізілді.
Сайысқа Керімбай атындағы №12 мектептің жоғары буын оқушылары мен ұстаздары және кітапхана қызметкерлері қатысты.
Іс-шара барысында қатысушыларға егеменді еліміздің тірегі жастар және болашақ жастардың қолында екендігі туралы айтылып, шара: «Таныстыру», «Бәйге», «Қасиетті жетілік», «Кім тапқыр?», «Отаным менің – Қазақстан», «Көкпар» атты 6 айналымнан тұратын сайысқа ұласты.
Бірінші айналымда оқырмандар өздерінің топтары мен төсбелгісін таныстырып өтсе, екінші айналымда топ басшылары Қазақстан тарихы мен қазақ әдебиеті аясында қойылған сұрақтарға жауап берді. Ал үшінші және төртінші айналымдарда екі топтың мүшелері білімнің әр саласы бойынша қойылған сұрақтарға жауап берді. Бесінші айналым шығармашылық тапсырмаларға арналды, ал алтыншы айналымда қатысушылар білім, тәлім-тәрбиеге байланысты мақал-мәтелдердің жалғасын табу бойынша сайысқа түсті.
Іс-шараға байланысты «Ел ертеңі – білімді жастар» атты кітап көрмесі жасақталып, көрмеге библиографиялық шолу жасалды.
Кітап көрмесіне Елбасы Н.Назарбаевтың жастар жайлы айтқан қанатты сөздері, жастардың Елбасымен өткізген кездесулерінде бірге түскен фотосуреттері, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев. Қызмет хроникасы. 2013 жыл [Мәтін] /Құраст.: М.Б.Қасымбеков, Б.Б.Темірболат, Ж.К.Үсембаева.- Астана: Деловой Мир Астана, 2014.- 312 б. Сонымен қатар, әдебиеттанушы, сыншы, жазушы, қоғам қайраткері Сағат Әшімбаевтың «Жастар жастар туралы» [Мәтін] / Құраст. С.Әшімбаев.- Алматы: Жалын, 1981.- 208 б.. Байкенова Ш. Мен – Қазақстан азаматымын [Мәтін] /Ш.Байкенова.- Алматы: «Балалар әдебиеті», 2011.- 112 б.. Қазақстан Республикасының даму стратегиясы [Мәтін].- Астана: 2014 қойылды.
Тиімділігі: Іс-шараға 26 оқырман қатысып, қолға 8 кітап беріліп, кітапханаға жаңадан 15 оқырман тіркелді.
http://jobjk.kz/kz/neg/homepage-4/79-zha-aly-tar/1079-erkin-eldi-erte-i-zhastar-bilgirler-sajysy.html#sigProGalleria6241f24c90