Д.А.Қонаев атындағы Жамбыл облыстық

балалар мен жасөспірімдер кітапханасы

Сайтта кім бар

Қазір 100 қонақ және Бірде бір тіркелген қолданушы жоқ сайтта отыр

1369104
Сегодня
Вчера
На этой неделе
На прошлой неделе
В Этом месяце
В прошлом месяце
Всего
46
376
1233
1609
2842
1358709
1369104
Ваш IP: 216.73.216.5
Время на сервере: 13-12-2025 04:21:44

Д.А. Қонаев

Қазақстан - Ұлы Дала Елі

Бір ел-бір кітап

Д.А.Қонаев атындағы Жамбыл облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасы мен Жамбыл облыстық «Жастар ресурстық орталығы» КММ «Буккроссинг: жастар таңдауы» тақырыбында акция қозғалысын өткізді.

 Іс-шараға жоғары және арнаулы оқу орнының білімгерлері мен кітапхананың тұрақты оқырмандары қатысты.

 

Іс-шара мақсаты: оқырмандардың кітапқа деген ықыласын ояту, рухани мәдениетін көтеру. Көркем әдебиетке деген қызығушылығын арттырып, әрдайым ізденісте болуға, өзінің білім деңгейін көтермелеп отыруға баулу. Оқырмандарды оқулықты құрметтей білуге, кітапқа деген сүйіспеншілігін арттырып, ұқыпты ұстауға тәрбиелеу.

Кітапхана алдына буккроссинг акциясына байланысты банер орнатылып, шарлармен безендірілді. 2017 жылы «Бір ел – бір кітап» акциясы бойынша таңдалған Сұлтанмахмұт Торайғыровтың шығармаларынан кітап көрмесі жасақталып библиографиялық шолу жасалды. Сондай-ақ, іс-шараға орай, сый кітаптардан жасалған көрмеден оқырмандар кітап алмасты. Облыс әкімдігінің жастар саясаты мәселелері басқармасының бас маманы, заңгері Зұлпыхар Жомарт Дүйсенұлы сөз сөйлеп білімгерлерді кітап оқуға шақырып, өзінің оқыған кітаптарымен бөлісті. Іс-шараға қатысушылар буккроссинг акциясы жайында өз ойларымен бөлісіп, өздері қалаған кітаптарын алды. Іс-шараға жалпы 40 оқырман қатысты.

Посмотрите вложенную галерею изображения онлайн в:
http://jobjk.kz/kz/neg/homepage-4/79-zha-aly-tar/1028-bukkrossing-zhastar-ta-dauy-aktsiya-oz-alysy.html#sigProGalleriafb8d5ef00b
joomlamodniyportal.ru

Тілдерді ауыстырғыш

Кітапхана әлеуметтік желіде:

www.screenreader.tilqazyna.kz