Оқырмандарға Еуразия жүрегі болған Қазақстанның бас қаласы Астана туралы мәлімет беру мақсатында мерзімді басылымдар секторында «Астана әсем қала» атты кітап көрмесі жасалынды. Көрмеге Астана қаласының тарихы, саяси-экономикалық дамуы туралы мәліметтер қойылды, жалпы саны 15 дана әдебиет және Астана қаласының суреттері сонымен қатар, Астанаға қатысты айтылған дәйек сөздер көрсетілді. Оның ішінде мемлекеттік тілде – 10, орыс тілінде – 5. Көрмеге қойылған мерзімді басылымдар мен кітаптар: «Еуразия жүрегінде», «Астана 10 жыл», «Мәдениет мінбері», «Ақиқат», «Саясат», «Ақжол», «Егемен Қазақстан», «Айқын», аталған көрмені: 20 оқырман тамашалап, көрмедегі әдебиеттердің 10 данасы берілді.
Comments26.06.2014 жылы мерзімді басылымдар секторы 28-маусым Журналистердің кәсіби төл мерекесі күніне орай «Қаламы ұшқыр қаламгер» тақырыбында дөңгелек ұстел ұйымдастырылды. Кеш қонағы «Жамбыл-Тараз» газетінің бас редакторы, Жазушылар одағының мүшесі, жазушы-драматург, режиссер – Болат Бекжан және болашақ журналист мамандар яғни, М. Х. Дулати атындағы Тараз Мемлекеттік университетінің ІІІ-IV курс білімгерлері қатысты. Болат ағамыз өзі басқарып ортырған басылымның шығу тарихы туралы, сондай-ақ журналист мамандығы-қиындығы мен қызығы мол жан-жақты білімділікті талап ететін жауапты сала екенін, өз шығармашылығы арқылы қоғамға да, адамға да қызмет ететін, ешқашан қателеспеуге болмайтын, қашанда жаңалықтың жақтаушысы, қолдаушысы екенін атап өтті. Болашақ журналистер көкейлеріндегі сауалдарын қойып, көңілдеріне қонымды жауаптар алды. «Журналист-Ақпарат-Қоғам» атты кітап көрмесіне шолу жасалды.
Comments6 маусымда орыстың ұлы ақының А.С.Пушкинның 215 жыл толуына орай «Ертегілер елінде» тақырыбында № 8 гимназия, № 16 мектептің оқушыларының қатысуымен сахналық көрініс өткізілді. Кештін мақсаты: А.С.Пушкиннің «Кірекей туралы ертегісінің» қойылымын қойып, баланың тіл байлығын арттыру,мақсатында адал болуға, жамандықтан жиренуге тәрбиелеу. Балалардың бойына шығармашылық пен ізгілік қасиеттерін сіңіру.
Comments2 маусымда Жамбыл облыстык балалар мен жасөспірімдер кітапханасында халықаралық балаларды қорғау күніне орай «Менің Қазақстаным – менің жерім» тақырыбында іс-шара өткізілді. Кештін мақсаты: оқушыларға адам құқықтары жайлы,оның ішінде бала құқығы жөнінде түсінігін кеңейту, әрбір адам өз құқығын біліп, өзгенің құқығын бұзбауға үйрету, құқықтық тәрбие беру. Әр бала өз пікірін айтуға құқылы екенін түсіндіру. Балалардың жеке қасиеттерін дамыту, тақпақ, өлең, әндерді нақышына келтіріп айтуға үйрету. Бір-бірін сыйлауға, адамгершілік қасиеттерін жоғалтпай ұстауға жетелеу.
Comments