Қазақ хандығы мен қазақ халқының тарихын, еліміздің өркендеуіне және нығаюуына өмірі мен қызметін арнаған көрнекті тарихи тұлғалардың еңбектерін және есімдерін оқырмандарға насихаттау. Қазақ хандығының құрылу тарихымен таныстыру, қазақ жеріндегі тұңғыш дербес мемлекеттің жаулап алушылық соғыстар нәтижесінде емес, халықтың ғасырлар бойы армандаған арман тілегі мен өзара туыстастығы нәтижесінде дүниеге келгенін түсіндіру мақсатында 2015 жылдың ақпан айының 6 бүлдіршіндер секторында қазақ хандығының құрылғанына 550 жыл толуына орай «Қазақ хандығын қалаушылар» Керей мен Жәнібек тақырыбында кітап көрмесі ұйымдастырылды.
CommentsҚазіргі қазақ әдебиеті тарихында нық орын алған көрнекті тұлғалардың бірі, халық жазушысы Мұхтар Мағауиннің туғанына 75 жыл толып отыр. Мағауин жазушылық қызметін филолог болудан бастады. 60-жылдары әдебиет зерттеушісі ретінде танылды. "Қобыз сарыны" атты ғылыми монографиясы жарық көрген. Осыдан кейін ол көркем прозаға көбірек ден қойды. Оның "Көкмұнар" (роман, 1972), "Бір атаның балалары", "Көк мұнар" (повестер мен әңгімелер), "Аласапыран" (тарихи роман-дилогия, 1980-1982), "Шақан Шері" (роман), "Мен" (ғұмырбаяндық роман-хамса), "Құмырсқа-қырғын" (әңгімелер), "Ұлтсыздану ұраны" (мақалалар) және тағы басқа кітаптары жарық көрген.
CommentsҚазақстанда тату - тәтті өмір сүретін халықтардың әдет - ғұрпын, дәстүр - тарихын, тілін қастерлеп, Жастарға бүгініміз бен келешегіміз үшін бірлігімізді нығайту басты борышымыз екенін ұғындыру, еліміздегі халықтар достығын, бірлігін нығайту мақсатында Қазақстан халқы Ассамблеясына - 20 жыл толуына орай оқу залы секторы 03.02.2015 жылы Керімбай атындағы №12 мектеп-гимназияның 9 сынып оқушыларымен «Қазақстан – этносаралық, конфессияаралық келісім моделі» тақырыбында конференция өтті.
CommentsОқырмандардың ой-өрісін дамыту, білімін жетілдіру, мемлекетіміздің, халқымыздың бірлігін, ағайынның татулығын сақтау бәріміздің ортақ парызымыз екенін жете түсіндіру, насихаттау мақсатында Қазақстан халқы Ассамблеясына 20 жыл толуына орай «Тілегіміз-татулық, тірегіміз-тұрақтылық» тақырыбында кітап көрмесі ұйымдастырылды.
Comments