Жамбыл облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасының мерзімді басылымдар секторының меңгерушісі А. Баймағамбетова М.Әуезов атындағы № 33 орта мектебінің кітапхана меңгерушісі А. Бегимбаевамен бірлесе отырып 6-7 сынып оқушыларының арасында Қазақ хандығының 550 жылдық мерейтойына байланысты Қазақ хандығының құрылу тарихымен таныстыру, отаншылдыққа, бірлікке, ынтымаққа тәрбиелеу мақсатында «Ұлы жолдың басталуы» атты хронологиялық әңгіме өткізді.
Comments12 сәуір – Дүниежүзілік авиация және ғарышкерлер күні. 1957 жылы 4 қазан күні Байқоңыр ғарыш айлағынан Спутник атты бірінші жасанды жер серігі ұшырылған болатын. 11 сәуір күні Ушинский атындағы № 23 мектебінің қабырғасында 2 «ә» сынып оқушыларымен ғарышкерлер күніне орай «Байқоңыр» ғарыш айлағы тақырыбында арналған ғарыш әлеміне саяхат өткізілді. Саяхаттың мақсаты: ғарыш әлемі жайлы түсінік беру. Қазақстан еліндегі «Байқоңыр» ғарыш айлағының және ғарышкерлер мерекесіне, орай қазақ еліндегі тұңғыш ғарышкерлер туралы мәлімет беру; оқушылардың ғарыш туралы түсініктерін кеңейту; ғарышкерлерге деген құрмет сезімдерін тәрбиелеу.
CommentsБілімгерлерді отансүйгіштікке, әділеттілікке, өз елінің жанашыры болуға тәрбиелеуде «Что такое коррупция и меры ее пресечения» деген атпен іс-шара өткізілді. Іс-шара жемқорлық тақырыбында болғаннан кейін қатысушылар пара мен пара беру жайында өз ойларын ортаға салды. Білімгерлер қай жерлерде пара берілетіндігі жайында статистикалық деректермен танысып, алдын алу шараларын талқылады. Жемқорлықпен күресу үшін арнайы жемқорлыққа қарсы заңдардың болу қажеттігін бір ауздан қолдап, құқықтық сауаттылықты арттыру керектігін мақұлдады.
Comments