«100 кітап» жобасы
«Әлем әдебиетінің жауһарлары»
кітап карнавлы ІІ кезең
Д.А. Қонаев атындағы Жамбыл облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасының ұйымдастыруымен«Рухани жаңғыру» бағдарламасы, «Рухани қазына» кіші бағдарламасы жобалар мен іс-шаралар реестірінде бекітілген «100 кітап» жобасы аясында жастарды кітап оқуға тарту, оқырмандардың мәдени және рухани білімін көтеру ақын-жазушылардың шығармашылығын насихаттау мақсатында «Әлем әдебиетінің жауһарлары» кітап карнавалы өтті. Кітап карнавалының қонақтарыҚазақстан Жазушылар одағының мүшесі, ақын Үміт Қыранқызы Битенова, журналист Ғайни Әлімбекова, ақын Бақытжан Әлімқұлов, қатысып, рухани жаңғыру жолында жастардың атқарар міндеттерінің орны орасан зор екенін, ол үшін жастар білімді болу керектігін, кітапхана – рухани ордасы екенін ерекше атап өтіп, жастарды оқуға шақырды.
Comments«Рухани жаңғыру – қоғамдық сананы жаңғырту»
дөңгелек стол
Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жанғыру» бағдарламасын ілгерілету мақсатында «Рухани жаңғыру – қоғамдық сананы жаңғырту» дөңгелек стол ұйымдастырылды. Мақсаты оқырмандарды отаншылдыққа ұлттық құндылықтарды дәріптеуге тәрбиелей отырып, бәсекелестік, білім, ғылым тұтастық ұлттық код, рух сана сөздеріне түсінік беру. Дөңгелек столға Жамбыл медициналық колледжінің білімгерлерімен ұстаздары қатысты.
Comments«Мәдениет майталмандары» кездесу кеші
21 мамыр – Мәдениет және өнер қызметкерлері күніне орай ұйымдастырылған «Мәдениет майталмандары» тақырыбында кездесу кеші өткізілді. Кештің мақсаты, оқырмандарды кез-келген ортада өзін тәртіпті, мәдениетті, әдепті, үлгілі болуға үйрету. Өлкенің өнер иелерін танытып, өнерге баулу, мәдениетті ұрпақ тәрбиелеу.
Comments«Ешкім де ешнәрседе ұмытылмайды» кездесу кеші
Оқырмандарды адамгершілікке, Отанын сүюге, оны қорғауға баулу; Отанға деген сүйіспеншілігін арттыру, оларға патриоттық тәрбие беру; балаларды Ұлы Отан соғысымен, қазақстандықтардың ерлік істерімен таныстырып, ой-өрісін дамыту мақсаттарында 9 мамыр – Жеңістің 73 жылдығына орай «Ешкім де ешнәрседе ұмытылмайды» кездесу кеші ұйымдастырылды.
Comments